• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің)

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және

одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-3 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелілігіне байланысты мәселелер бойынша сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдармен және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин