• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша баяндамасы, 22.11.18

Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы ұсынылады.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болды және оның әкімшілік орталығы Шымкент қаласынан Түркістан қаласына көшірілді.

(«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығы).

Конституциялық заң жобасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңдарына өзгерістер енгізуді көздейді.

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала санатына жатқызылуына байланысты түзетулер арқылы «республикалық маңызы бар қала» сөздерін «республикалық маңызы бар қалалар» сөздерімен ауыстыру ұсынылады.

Конституциялық заң жобасын қабылдау заңнамалық актілердің республикалық маңызы бар қалаларға қатысты нормаларын Шымкент қаласына да қолдануға мүмкіндік береді.