• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөнінде, баспасөз хабарламасы

2016 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 қадам» Ұлт Жоспарының 53-қадамын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау» тақырыбына Парламент сағаты өтті.  

Тақырыптық отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі А.Ә. Әріпханов, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы С.М. Жұманғарин, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасарлары Р.Н. Ахметов, Ә.М. Жұмабаева, А.Б. Мәйтиев, Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы кеңесінің төрағасы Ж.Д. Ертілесова, ТМРБҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының жалпы ережелері» тақырыбына баяндамасымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі А.Ә. Әріпханов сөз сөйледі.

Өзінің сөзінде А.Ә. Әріпханов монополияға қарсы ұлттық заңнаманы ЭЫДҰ ең үздік әлемдік практикасымен  сәйкес келтіру мақсатында монополияға қарсы ведомствоның қатысуымен Қазақстандағы бәсекелестік заңнамасы мен саясатқа шолу жасалды деп атап өтті. Осы Шолу негізінде екі кезеңмен іске асырылатын ұсыныстар дайындалды. «Бірінші кезеңде қабылданған Кәсіпкерлік кодексінің шеңберінде базалық өзгерістер енгізілді. Ең маңызды өзгерістердің қатарына кейін Акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін қабылдаумен мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту», - деді А.Ә. Әріпханов.

«Түзетулердің екінші топтамасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы түрінде Сіздерге қарауға ұсынылды. Заң жобасында монополияға қарсы органның міндеттері, мәртебесі және жұмыс тәртібі, сондай-ақ басқа елдердің құқық қорғау органдарымен және монополияға қарсы ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау тетігі регламенттелген», - деп түсіндірді А.Ә. Әріпханов.

Қалыптасқан оң практиканы есепке ала отырып, монополиялық жоғары бағаларды белгілеуді қоспағанда, оны үстем жағдайды теріс пайдалануға және жосықсыз бәсекелестікке қолдана отырып, хабарлама институтын қолдануды кеңейту  ұсынылады. Реттеудің маңызды құралы ең алдымен, бизнеске монополияға қарсы органмен бірлесіп, тауар нарықтарында өзін ұстаудың  қағидаттары мен қағидаларын және құқық бұзушылық жасаудың корпоративтік тәуекелдерін дайындауға мүмкіндік беретін монополияға қарсы комплаенс болып табылады.

 А.Ә. Әріпханов сөзінің келесі бөлігін 2017 жылғы 1 қаңтардан кейін белгілі бір нарықтардың қалай реттелетіні туралы маңызды мәселеге арнады.

«Өздеріңіз білетіндей, біз 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап баға реттеуден оның орнына монополияға қарсы реттеу құралын ұсына отырып бас тарттық,  бұл біршама қолайлы құрал, бірақ оның сонымен бірге қатаң салдарлары және бірінші кезекте қаржылық  салдарлары бар», - деді А.Ә. Әріпханов.

«Қазақстандық бизнес өкілдерінің өтініштері бойынша заң жобасын қарау кезінде депутаттар монополияға қарсы органмен бірлесіп, адал кәсіпкерлердің мүддесін қорғаудың жаңа құралдарын енгізуге және қолданыстағы заңнаманы либерализациялауға бағытталған   ұсыныстар енгізді», - деп хабарлады А.Ә. Әріпханов.

«Бәсекелестік заңнамасын жетілдіру және оны ЭЫДҰ талаптарына сәйкес келтіру бойынша Сіздермен бірлесіп атқарылған жұмысты шетелдік жетекші сараптамалық ұйымдар мен монополияға қарсы ведомстволар жоғары бағалады, осының нәтижесінде ағымдағы жылғы шілдеден бастап Қазақстанға ЭЫДҰ Бәсекелестік комитетіне қатысушы болу құқығы берілді, бұл Қазақстанға монополияға қарсы реттеудің ең үздік практикасын қабылдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті  А.Ә. Әріпханов.

Сондай-ақ «Бәсекелестікті реттеу және дамыту тұжырымдамасы» тақырыбына Ж.Д. Ертілесова баяндама жасады және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым)»  деген тақырыпта депутат М.А. Қазбекова  қосымша баяндама жасады.