• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р.Е. Дәленовтың Дүниежүзілік банктің «DoingBusiness» рейтингінде және басқа да рейтингтерде Қазақстанның позицияларын жақсарту мәселесі жөніндегі баяндамасы

2050 жылға қарай әлемнің топ-30 экономикасына кіру үшін жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімі қажет. Экономикалық өсудің тұрақты қарқыны ел экономикасына инвестициялар ағынымен сүйемелденеді. Бұл жерде инвесторлардың рөлі ерекше. Инвесторларға ең алдымен елдің инвестициялық ахуалы маңызды. Ол жаһандық рейтингтермен және индекстермен өлшенеді.

Экономикаға инвестордың келуіне жеті көрсеткіш ықпал етеді.

Бұл – бизнесті жүргізудің жеңілдігі,экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы, кедендік ресімдеудің тиімділігі, халықтың орта және жоғары білім деңгейі, сондай-ақ егемен кредиттік рейтингтер.

Инвесторларосы көрсеткіштерге қарайды. Осылардың негізінде инвесторлар шешім қабылдайды.

«Doing Business» бизнесті жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстан 2019 жылы әлемнің 140 елінің ішінде 28-ші орынды алды. Біз өзіміздің алдымызға 2025 жылы алғашқы жиырма елдің қатарына кіруге мақсат қойып отырмыз. Бүгінгі күні бұл Финляндия, Австралия және Латвия сияқты елдердің деңгейі.

Бұл рейтингте тежеуші факторлар: халықаралық сауда саласы, энергиямен жабдықтау жүйесіне қосылу, құрылысқа рұқсат алу, кредиттер алу және салық салу, сондай-ақ кәсіпорын мен меншікті тіркеу рәсімдері болып табылады.

Қазақстанның өңірлері бөлінісінде, бизнесті жүргізу жағдайлары бойынша Алматы, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. Соңғы орындарда – Қарағанды, Өскемен және Тараз қалалары.

Дүниежүзілік банктің келесі өңірлік шолуын 2021 жылы өткізуі жоспарланып отыр. Жергілікті атқарушы органдар сол уақытқа өз позицияларын жақсарту үшін тежеуші факторларға назар аударулары қажет.

Сауда және көлік инфрақұрылымының даму деңгейі Дүниежүзілік банктің LPIрейтингімен өлшенеді. Индекс елдердіңсауда логистикасын дамытудағы сын-қатерлер мен мүмкіндіктерін айқындауға жәрдемдеседі. Қазақстан бұл рейтингте 2018 жылдың қорытындысы бойынша 71-ші орынды иеленді. Еліміз 2025 жылға қарай топ-40 елдің қатарынакіруі қажет. Олар – Израиль, Исландия, Малайзия сияқты елдер.

Бұл рейтингтегі тежеуші факторлар:сауда және көлік инфрақұрылымының сапасы,халықаралық тасымалдауларды ұйымдастырудың жеңілдігі, кеден және шекара бақылауының тиімділігі, сондай-ақ жүк тасымалдауын бақылап отыру мүмкіндігі.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексін Дүниежүзілік экономикалық форум есептейді. Бұл рейтингте Қазақстан 2018 жылдың қорытындысы бойынша 59-ші орынғаие болды. 2025 жылға қарай еліміз алғашқы 40 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл Италия, Эстония, Чили сияқты елдердің деңгейі.

Бұл рейтингтегі тежегіш факторлар: қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен даму деңгейі, денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейі, инфрақұрылымның сапасы мен даму деңгейі, инновациялық әлеует, АКТ-ның даму деңгейі, сондай-ақ жеке (оның ішінде интеллектуалды) меншікті қорғау болып табылады.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде кедендік ресімдеудің тиімділігін өлшейтін құрамдауышты ерекше атап өту керек. Бұл фактор бойынша Қазақстан 64-ші орында. 2025 жылға қарай алғашқы 40 елдің қатарына кіруімізқажет. Бұл Израиль, Чехия, Чили сияқты елдердің деңгейі.

Бұл факторда елімізге кедендік тексеру пункттерінің өткізу қабілеттігін жақсарту, сондай-ақ кедендік тексеру жүйесінің тиімділігін арттыру қажет.

Инвесторлар білім беру деңгейіне ерекше назар аударады. Бұл орта және жоғары білім дайындығының деңгейі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің арасында негізгі индикатор «PISA»—білім алушыларды бағалау халықаралық бағдарламасы. Аталған рейтинг мектепте білім беру сапасын үш пән бойынша өлшейді: математика, жаратылыстану, оқу. Рейтинг әрбір 3 жылда қалыптастырылады. 2018 жылдың қорытындысы  бойынша рейтинг ағымдағы жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады.

2012 жылы Қазақстан 53-ші орынға иеленді. 2025 жылға қарай еліміз рейтингтің топ-40 қатарына енуі қажет. Бұл Люксембург, Хорватия, Израиль сияқты елдердің деңгейі.

Жоғары білім беру сапасы университеттердің халықаралық рейтингтерімен бағаланады. Бұл QS-атты жоғары оқу орындарының әлемдік рейтингі. Бұл әлемнің 1000 үздік жоғары оқу орындарының рейтингі. Бұл рейтингке Қазақстанның тек 10 жоғары оқу орны кіреді. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бар болғаны 207-орында. 2025 жылға қарай Қазақстанның жоғары оқу орындары топ-150-ге енуі қажет.

Егемен кредиттік рейтингтер инвесторлар үшін барынша маңызды фактор болып табылады. Бұл рейтингтерді Standard&Poor’s, Moody’s и Fitch сияқты агенттіктер жасайды. Ағымдағы жылғы тамыз айында аталған рейтингтік агенттіктер өз рейтінгілерін растады (BBB-/Baa3/BBB). Бұл ретте  Moody’s «тұрақты» болжамын «позитивті» болжамына жақсартты.

Бүгінгі таңда Қазақстанның егемен кредиттік рейтингі бағалаудың «инвестициялық» санатына кіреді, бірақ тәуекел деңгейі  «орташа» деп сипатталады. 2025 жылға қарай елімізге тәуекел деңгейі төмен елдердің санатына ауысу қажет. Бұл А деңгейіндегі кредиттік рейтинг. Бұл топқа Чили, Жапония, Польша сияқты елдер кіреді.

Аталған рейтингке қол жеткізу үшін елімізге экономика құрылымын әртараптандыру, банк секторын сауықтыру, бюджет тәртібін күшейту қажет.

Нәтижесінде, инвесторлар үшін едәуір маңызды жеті жаһандық рейтингтің 132 құрамдауышынан 25 түйінді құрамдауышқа баса назар аудару қажет деп есептейміз. Бұл құрамдауыштар елдің инвестициялық ахуалын қалыптастырады. Әрбір аталған 25 құрамдауышқа тиісті мемелекеттік органдарды бекітуді ұсынамыз.

Қазақстанның рейтингтердегі позициясын жақсарту бойынша ұсыныстар Тиісті шаралар жоспарларына енгізілуі және олардың орындалуы үнемі бақылануы тиіс. Осылайша «Doing Buseness» пен Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің  рейтінгісі бойынша қолданыстағы Шаралар жоспарын жаңарту қажет.

LPI рейтингі бойынша, егемен кредиттік рейтинг бойынша, сондай-ақ PISA және QS білім беру көрсеткіштері бойынша тиісті Шаралар жоспарын әзірлеу қажет.

Бекітілген Іс-шаралар жоспарын орындау мониторингін Үкіметтің Жобалық офисінің жұмысы шеңберінде жүзеге асыру ұсынылады.