• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы

2018 жылғы 30 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан  2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (№ 196-VI) қабылданды.

Заңмен Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері 2019 жылы – 2 450,0 млрд. теңге, 2020 жылы – 2 300,0 млрд. теңге, 2021 жылы – 2 000,0 млрд. теңге соммасында айқындалды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің белгіленген мөлшерлері бюджеттің және Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ орта мерзімді кезеңде мұнай емес тапшылықты төмендетуге мүмкіндік береді.