• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Кедендік-тарифтік реттеу

I. Кедендік-тарифтік реттеу кедендік-тарифтік шараларды қолдану негізінде сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістер жиынтығын білдіреді.

Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеудің негізгі мақсаттары:

1) тауарларды әкелудың тауарлық құрылымын оңтайландыру;

2) тауарларды әкетудің және әкелудің ұтымды арақатынасын ұстау;

3) тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдайлар жасау;

4) импортталатын тауарлардың қолайсыз әсерінен экономиканы қорғау;

5) әлемдік экономикаға тиімді ықпалдасуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

6) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу:

кедендік баждарды;

тарифтік жеңілдіктерді;

тарифтік преференцияларды;

тарифтік квоталарды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы бірыңғай сыртқы сауда саясатын қолданатын және сыртқы сауданы реттейтін бірыңғай шараларды жүргізетін елдер шеңберіндегі Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылады. Кедендік-тарифтік реттеу қолданыстағы шараларын қолдану және өзгерту туралы шешімді ұлттық органдардан жоғары тұратын орган - Еуразиялық экономикалық комиссиясымен қабылданды.

1. Әкелу кедендік бажы. Кедендік-тарифтік реттеудің негізі Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі (ЕАЭО БКТ) болып табылады, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тауарларға қолданылатын кедендік баждар мөлшерлемелер жиынтығы (www.eurasiancommission.org/ru/act/trade/catr/ett/Pages/default.aspx).

Бұл ретте, 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы ДСҰ-ның мүшесі болып табылатынын ескере отырып, Қазақстан кейбір тауарларға қатысты төмен кедендік баж өлшемдерін пайдаланады (бұдан әрі - Алып тастау тізімі). Ағымдағы кезеңде Алып тастау тізімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы

9 ақпандағы № 58 бұйрығымен бекітілген.

2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік жеңілдіктер кедендік әкелу баждарын төлеуден босату немесе кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін азайту түрінде және тауарлардың шығарылған еліне тәуелді емес және дара сипатта болуы мүмкін емес. Тарифтік жеңілдіктерді қолдану туралы шешімі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесімен консенсус негізде қабылданады.

3. Тарифтік преференциялар. Дамушы және аз дамыған елдердің экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ елдері Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай тарифтік преференциялар жүйесін қолданады.

Тарифтік преференциялар беру дамушы елдерден шығарылатын белгілі бір тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін 25%-ға төмендету, сондай-ақ аз дамыған елдерден шығарылатын белгілі бір тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін 0%-ға дейін төмендету болып табылады («Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік-тарифтік ретеуі туралы» КОК 29.11.2009ж. №130 шешімін көр.). Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері еркін сауда туралы келісімдер жасасқан кезде преференциялық нөлдік кедендік баж қолданады (мысалы, ТМД елдері арасындағы еркін сауда аймағы туралы шарт, Қазақстан мен Сербия арасындағы еркін сауда туралы келісім шеңберінде).

4. Тарифтiк квота – тауардың белгiлi бiр санын (заттай немесе құндық мәнде) әкелу кезiнде белгiлi бiр кезең iшiнде кедендiк әкелу бажының неғұрлым төмен мөлшерлемесiн және осы саннан жоғары тауарды әкелу кезінде кедендiк әкелу бажының неғұрлым жоғары мөлшерлемесiн қолдануды көздейтiн, жекелеген тауарлар түрлерiн Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік аумағына әкелудi реттеу шарасы. Үшінші елдерден шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерiне қатысты қолданылады, бұл ретте егер ұқсас тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілсе (игерілсе, өсірілсе), тарифтік квоталарды белгілеуге жол беріледі.

Қазақстан Республикасы ДСҰ-ға кіру кезінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес құс және сиыр етін әкелуге арналған тарифтік квоталар қолданады. Еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтiк квоталарды бөлу тәртiбi «Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығымен (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілген.

Мәселен, Қағидаларға сәйкес:

- тарихи өнім берушілер, өңдеушілер және жаңа өнім берушілер үшін сиыр етін;

- тарихи өнім берушілер және жаңа өнім берушілер үшін құс етін әкелуге тарифтiк квоталар көлемін алу құқығы көзделген.

Министрлік тарихи өнім берушілер арасында сиыр және құс етін әкелуге алдыңғы екі жылдың деректері негізінде екі кезеңде:

1 - кезең: 31 желтоқсанға дейін алдыңғы кезеңнiң 1-жылының және алдыңғы кезеңнiң 2-жылының 9 айының деректері негізінде тарифтiк квоталардың 25% көлемін бөлуді;

2 - кезең: 15 сәуірге дейін 1-кезеңнiң шеңберінде бөлінген көлемді шегере отырып, алдыңғы кезеңнiң 2-жылының деректері негізінде тарифтiк квоталардың 100% көлемін бөлуді жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Жаңа өнім берушілер арасында сиыр және құс етін әкелуге тарифтік квоталар көлемін бөлу жаңа өнім берушілер мәлімдеген тарифтік квоталар көлеміне сәйкес кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

Сонымен бірге, жаңа өнім беруші мәлімдеген тарифтік квотаның көлемі жаңа өнім берушілер үшін бөлінген жалпы көлемнің 15 %-нан аспауға тиіс.

Әкелуге арналған лицензияны жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталардың көлемі аяқталғанға дейін ҚР ҰЭМ Сауда қызметін реттеу департаменті береді.

ҚР ҰЭМ апта сайын тарифтiк квота қолданылатын жылдың наурыз айынан бастап лицензиялар берілген құс етін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемі мен бөлінбей қалған тарифтік квоталар көлемі туралы мәліметтерді www.economy.gov.kz интернет - ресурсында жариялайды.

Өңдеушілер арасында сиыр етiн әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемін бөлуді өңдеушілердің өтінімдері негізінде 2 кезеңде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асырады.

Егер барлық өңдеушілер мәлімдеген көлем өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квота көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квоталардың көлемі өңдеушілер арасында сұратылатын көлемге сәйкес бөлінеді.

Егер барлық өңдеушілер мәлімдеген көлем өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квоталар көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квота көлемі тарифтік квоталар көлемін бөлудің алдындағы толық жылға әрбір өңдеушінің еттің әрбір түрін тұтыну көлеміне тепе-тең түрде бөлінеді.

Талап етілмей қалған тарифтік квоталардың көлемі тарифтiк квота қолданылатын жылдың 15 шілдесіне дейін өңдеушілер арасында бөлінеді.

5. Әкету кедендік баждары. Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен бекітілген әкету кедендік бажы, тауарлардың тізбесі және осындай баждардың мөлшері қолданылады. Мәселен ағымдағы кезеңде Қазақстан Республикасында үшінші елдерге әкету кезінде мұнайдың және мұнай өнімдерінің, терінің және былғарының, қара және түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарының және олардың өнімдерінің жекелеген түрлерінің әкету кедендік баждарымен салынады.