• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Конкурс «Қазақ этнографиясы»

2018 жылғы 13 қарашада Ішкі әкімшілендіру департаментінің Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау басқармасы «Қазақ этнографиясы» атты конкурс өткізді.

Конкурстың мақсаты Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, мемлекеттік тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау болып табылады.

Конкурсқа Экономика салаларын дамыту департаментінің, Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің, Бюджет саясаты департаментінің, Заң департаментінің, Экономика және қаржы департаментінің, Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаментінің, Статистика комитетінің, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері қатысты.

Министрліктің жауапты хатшысы А.Д. Жұмабеков кіріспе сөзбен ашып берген конкурсты Әбжаппар Алтынхан Асқарұлы (Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті) мен Ахметкәрімова Құндыз Маратбекқызы (Кәсіпкерлікті дамыту департаменті) жалғастырып әкетті.

Сайыскерлер слайд түрінде ресімделген жұмыстарын қорғауда көрермендерді қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, ұлттық аспаптарымен, ұлттық ойындарымен, қазақ халқының ежелгі қару-жарақ түрлерімен таныстырды.  

Конкурсқа қатысушылар ішінен Ізбасарова Нұргүл мен Фрунзебекұлы Ерзат ұлттық костюмдерімен ерекшеленді, сондай-ақ Ерзаттың музыкалық сүйемелдеуі конкурстың сәнін келтірді. Фрунзебекұлы Ерзаттың ұлттық аспаптар туралы материалы Гиннесс рекорды кітабына енгізілген домбыра туралы қызықты фактілерімен тартымды болып шықты.

Ізбасарова Нұргүл өзі ұсынған ақпаратты экономикаға, бүгінгі заман талабына байланыстыра отырып, көрермендерді өзіне тарта білді. Байболат Ерлан үш жүздің, атақты үш бидің басын қосқан Ұлытау жері туралы қызықты ақпаратты егжей-тегжейлі баяндап өтті. Сұлтан Диас, өз кезегінде,  қазақтың қолөнері, оның ішінде қару-жарақ, ер-тұрман және тағы басқалар туралы әңгімелеп, сөзін орынды тұжырымымен аяқтады.

Қазылар алқасы конкурсты қорытындылай келе, мынадай жүлделі орындарды анықтады:

1-орын  - Фрунзебекұлы Ерзат

2-орын  - Ізбасарова Нұргүл және Байболат Ерлан

3-орын  - Сұлтан Диас.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Конкурс «Қазақ этнографиясы»

«Қазақ этнографиясы» атты конкурс

«Қазақ этнографиясы» атты конкурс

«Қазақ этнографиясы» атты конкурс