• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР 2019 жылғы қаңтар-ақпандағы ӘЭД қорытындылары бойынша Үкімет отырысында Р.Е. Дәленовтің баяндамасы 2019 жылғы 12 наурыз

Жалпы осы жылғы 2 айдың қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнім серпіні жылдамдады. Инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр. Инвестициялар қайта өсе бастады. Ал халықаралық резервтер тұрақты деңгейде.

Осылайша, жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,5% жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9% құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторының өсуімен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы сәйкесінше 0,91 (нөлде тоқсан бір) және 2,19проценттік тармақты құрады.

Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде сақталды. Жылдың басынан бері ол 0,8%, ал жылдық мәнде – 4,8%  құрады.

Инвестициялар серпінінде өзгеріс болды. Егер ол өткен айда төмендесе, есепті кезеңде олардың өсуі 4,2% құрады.

Өсу машиналар мен жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының компрессорлық станциясының құрылысымен байланысты.

Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 88,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Оның ішінде алтын-валюта резервтері 30,6 млрд. АҚШ доллары  және Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд. АҚШ доллары болды.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өндірісінің өсуі қаңтар-ақпанда 2,7% құрады. Қаңтарда ол 1,9% болған.

Кен өндіру өнеркәсібінің серпіні тұрақты, ал өңдеу өнеркәсібінде оң серпін байқала бастады.

Кен өндіру өнеркәсібі бөлінісінде түсті металдар кені, табиғи газ және мұнай өндіру орнықты өсуді көрсетіп отыр.

Жеңіл және химия өнеркәсіптері, пластмасса бұйымдарын жасаусусынмұнайды қайта өңдеу және машина жасау өңдеу өнеркәсібінің көшбасшыларыболды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы тұрақты өсу қарқынын көрсетіп отыр. Өндіріс көлемі 3,6% (үште алты процентке) ұлғайды. Өсім мал шаруашылығындағы өндірістің 3,8% (үште сегіз процентке) өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Бұл ретте, өсімдік шаруашылығы көлемі өткен жылдың деңгейінде сақталды.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторының серпінінде кері бұрылыс болды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,0% ұлғайды.

Бұған автомобиль жолдарын, газ құбырын, тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандарын салу, сумен қамтамасыз етуді қайта жаңарту, темір жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар көлемінің артуы әсер етті.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ

Жалпы қызмет көрсету саласы озық қарқынмен өсуде. Есепті кезеңде ол 3,9% өсті.

Айтарлықтай өсім саудада 7,6% деңгейінде белгіленді. Бұл бөлшек саудадағы және көтерме саудадағы тауар айналымының ұлғаюына байланысты.

Автокөлік құралдарының, автобөлшектердің, мұнай өнімдері мен жанар-жағар майдың, қара және түсті металдар кендерінің көтерме саудасы артты.

Көлік саласында өсім 4,4% дейін жылдамдады. Бұл көбінесе жүк тасымалының артуына байланысты.

ӨҢІРЛЕР

Ағымдағы жылдың басынан бері өңірлер бөлінісінде әртүрлі бағыттағы серпін байқалады.

Өнеркәсіпте артта қалған өңірлердің саны 6 (алтыдан) 

4 (төртке) дейін қысқарды. Теріс серпінді Қарағанды, Қызылорда, Батыс Қазақстан 

және Манғыстау облыстары көрсетті.

Бұл өңірлерде серпіннің әлсіреуі мұнай, газ конденсатын өндіру, жалпақ илем және қоспасыз болат өндіру бойынша болды.

Сонымен қатар, өнеркәсіпте жоғары өсу Шығыс ҚазақстанАтырауҚостанай облыстарында, Астана қаласында байқалады.

Ауыл шаруашылығында барлық өңірлерде өсім байқалады.

Айтарлықтай өсімді Ақмола облысы көрсетуде.

Құрылыс бойынша Ақмола облысы, Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Шымкент, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары артта қалып отыр.

Құрылыс бойынша көшбасшы Түркістан облысы болып табылады.

Негізгі капиталға инвестициялар бойынша серпіннің едәуір әлсіреуі Шымкент және Астана қалаларында байқалады.

Шымкент қаласы мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды. Астана қаласында  өткен жылғы машиналар мен жабдықтарды сатып алуға байланысты жоғары база әсер етті.

Инвестицияларды тарту бойынша Қызылорда облысы алда.

Сондай-ақ, инвестициялардың айтарлықтай өсуі Қарағанды, Түркістан және Қостанай  облыстарында байқалады.

Жалпы 2019 жылдың екінші айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген салаларында жақсару үрдісі байқалуда.

Төмендеу болған жерде ақпан айында өсу байқалды.

Сонымен қатар, кен өндіру және металлургия өнеркәсібі жоғары емес қарқын көрсетуі мүмкін. Сәйкесінше сапалы өсуді өңдеу салалары, құрылыс және инвестициялар, 

сондай-ақ негізінен, оларға өңірлер жауапты болған, шағын және орта бизнестің шоғырланған қызмет көрсету секторлары қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасы бойынша бөлініп жатқан бюджет қаражаты экономикаға, халықтың табыстарына, сондай-ақ инвестициялық белсенділікке қолдау көрсетеді.

Осыған байланысты, Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдер қаражатты экономикаға тез әрі мақсатты жеткізуді қамтамасыз етуі қажет.