• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуы туралы» «Шағын несие беруді көбейту» тақырыбындағы ҚР Үкіметі отырысына Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Бірінші вице-министрі Р. Е. Дәленовтың баяндамасы, 22.01.19

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде қалалардағы микрокредиттеу 2017 жылы алғашқы рет іске асырылды. Қалалар мен моноқалалардағы қолдау құралдарын басқару Ұлттық экономика министрлігіне, ауылдық жерлерде және шағын қалаларда Ауыл шаруашылық министрлігіне жүктелген.

Жұмыссыздық пен халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған жаңа микроөнеркәсіптерді құру және қолданыстағы бизнесті кеңейту үшін жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға, сондай-ақ жаңа және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қалалар мен ауылдарда микрокредиттер беріледі.

Соңғы сыйақы мөлшерлемесі 6%-дан аспайды, кредит мерзімі 5 жылға дейін, оның ішінде мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 7 жыл құрайды.

Қалалардағы және моноқалалардағы микрокредит сомасы 16,5 млн. теңгеге дейін және Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында 20 млн. теңгеге дейін құрайды.

2018 жылдың нәтижелері

2018 жылы қалаларда микрокредиттеуге 13,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 6,1 млрд. теңге бес әлеуметтік бастамалар шеңберінде қосымша РБ-тен бөлінген. Осылайша, қала мен моноқалаларда 14,4 млрд. теңге сомасына 1 311 жоба қаржыландырылды (өткен жылғы қаражат есебімен). Кепілдік жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлерге микрокредитті 85%-ға дейін кепілдендіру ұсынылады. Осылайша, 2018 жылы 2,8 млрд. теңге сомасына 484 кепілдік келісімшарт жасалды. Бұл әрбір үшінші несиеге кепілдік берілгенін көрсетеді.

2019 жылы қалаларда және моноқалаларда 2 мың микрокредиттер беру жоспарлануда. Осы мақсаттар үшін РБ-тен 9,3 млрд. теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен 7 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Бағдарламадағы өзгерістер бойынша

Бағдарламаға 2018 жылдың 13 қарашасында Үкімет қаулысымен өзгерістер енгізілді, яғни Бағдарламаға қатысушылар саны жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен толықтырылған.

Бұрын, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер Бағдарламаға қатыса алмады. Енді мұндай шектеулерді алып тастауға байланысты берілген микрокредиттердің саны айтарлықтай артады.

Өңірлерде микроқаржы ұйымдарын құру бойынша

Бұған дейін Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Қарағанды ​​облыстарындағы микроқаржы ұйымдары құрылды.

Басқа да облыстарда микроқаржы ұйымдарын құру бойынша. Бүгінгі таңда микроқаржы ұйымдары Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында құрылған.

Сонымен қатар, Ұлттық экономика министрлігі «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорымен бірігіп микроқаржы ұйымдарының жұмысына қатысты Микрокредиттеу қағидаларын жақсарту бойынша жұмыс атқаруда.

2019 жылы Бағдарлама бойынша қалаларда 2 мың микрокредит беріліп, микрокредиттеуді ұлғайту үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.