• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, ҚР мемлекеттік органдарының өзара жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара жасау қағидаларын бекіту туралы

2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан шығарылатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл туралы қағидасын бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

                                   А. Мамин