• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту Департаментінің бақылау – қадағалау функциялары мен жүргізілген тексерулердің нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 85 бабының 1 тармағының 14)-тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін, лицензиялау немесе өзге рұқсат құжаттарын беру, кәсіпкерлік қызметті немесе өзге іс-әрекеттерді жүзеге асыруға хабарлама қабылдау тәртібін сақтау және мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтау бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асырады.

Министрлік тексерулерінің нәтижелері рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардан басқа әкімшілік кедергілерді анықтау және азайту, заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жолымен кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын жақсарту, кәсіпкерлік қызметті реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтар мен коллизияларды жою болып табылады.

2017 жылы Министрлік бизнес субъектілерінің қызметі салаларында мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру, лицензиялау немесе өзге де рұқсат беру құжаттарын беру және мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру тәртібін сақтау тәртібін сақтау мәселелері бойынша 18 мемлекеттік органның және 1 квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіне тексерулер жүргізді.

Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртібін сақтау мәселесі жөніндегі 7 тексерудің нәтижелері бойынша тексеру тағайындау туралы актілерде тексерілуге жататын талаптардың көрсетілмеуіне, тексеру нәтижелері туралы актінің тиісінше жасалмауына, тексеру тағайындау туралы актіні тапсырмай не уақтылы тапсырмай тексеру жүргізуге, тексеру жүргізу туралы хабарламаның болмауына және т.б. байланысты 950-ден астам құқық бұзушылықтар анықталды.

Анықтама ретінде: тексеру қорытындылары бойынша 4 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 43 тексеру жарамсыз деп танылды.

Анықталған нәтижелерді ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, ішінара тексеруді жоюға және кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты алдын алу – профилактикалық сипаттағы профилактикалық бақылау және қадағалауды енгізу, тексеру жүргізу кезінде өрескел бұзушылықтарды хабарлама болмаған түрімен толықтыру және т. б. түзетулер енгізу көзделген.

Рұқсат құжаттарын беру тәртібін сақтау мәселесі бойынша тексерілген 7 рұқсат беруші органда рұқсаттарды беру тәртібін, мерзімдерін бұзуға не рұқсат беруден уәжделген бас тартуға, нормативтік құқықтық актілерде көзделмеген негіздемелер бойынша беруден бас тартуды жүзеге асыруға және т.б. байланысты 600-ден астам құқық бұзушылыққа жол берілген.

Бұдан басқа тексерулер барысында рұқсат беру органдарының рұқсат беру тәртібі нормативтік құқықтық актілерде регламенттелмеген рұқсаттарды беру фактілері анықталды.

Мысалы, «Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ «Е-Лицензиялау» АЖ арқылы «Санитариялық кесуге, амалсыз кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға, қалыпты кесуге (жасартуға), санитариялық кесуге, жасыл желектердің сүңгегін тазалауға рұқсат» (бұдан әрі - ағаштарды кесуге Рұқсат) беретіні анықталды.

Бұл ретте, Ағаштарды кесуге рұқсат беру тәртібі, мерзімі және беруден бас тарту негіздері нормативтік құқықтық актілерде регламенттелмеген.

Сондай-ақ, «ҚР ЭМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» РММ қатысты тексеру барысында I санаттағы объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беруді реттейтін, қажетті құжаттардың тізбесін ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің және Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандартының нормаларында рұқсат алушылардың теріс пікірін қалыптастыратын және оны алу мерзімін созатын қайшылықтар анықталған.

Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және заңнамадағы жоғарыда көрсетілген қайшылықтарды алып тастау мақсатында Министрлік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру туралы ҚР Энергетика министрлігіне хат жолдады

Анықтама ретінде: рұқсат беру органдарын тексеру қорытындылары бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды, 10 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саласында бизнесті қолдау бағдарламалары шеңберінде тексерілген 3 мемлекеттік орган және 1 ұйым бойынша 1 500-ден астам құқық бұзушылыққа жол берілген, атап айтқанда, негізсіз бас тарту, мемлекеттік қолдау көрсету мерзімдерін және кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін сақтамау, артық құжаттарды талап ету және т. б.

Мысалы, «Алматы қаласының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасы» КММ «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру  көрсету бойынша тексеруді жүзеге асыру тұрғысынан Бағдарлама шеңберінде көзделмеген негіздер бойынша гранттарды беру кезінде негізсіз бас тарту фактілері анықталған.

Атап айтқанда, ЖК «А. А Әлімбетоваға», үшінші топтағы мүгедекке «Компьютерлік қызметтер көрсету» жобасы бойынша жоба инновациялық болмауына байланысты мемлекеттік грант беруден бас тартылған, ал Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 27-тармағы 1) тармақшасына сәйкес кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың бизнес-идеялардың жаңашылдығы өлшемшарты мүгедектер үшін қолданылмайды.