• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс топтарын құру туралы» ҚР Премьер-Министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 84-ө өкiмiне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс топтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 84-ө өкiмiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

Осы өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімдерді іске асыру бойынша жұмыс топтарының құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

келесі мазмұндағы 1-1 тармағымен толықтырылсын:

«1-1. Жұмыс топтарының басшылары жұмыс тобының мүшелерінен ұсыныстар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының мандат хаттары түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, жиналыс өткізуді қамтамасыз етсін.

Жұмыс тобының отырысында қабылданған шешімдерді жиналысты өткізген күннен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық экономика министрлігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен халықаралық қаржы ұйымдары арасындағы әріптестік туралы келісімдер шеңберінде жобаларды іріктеуді үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының қарауына жібереді.».

Премьер-Министр                  Б. Сағынтаев

Орналастырылған: 06.12.2017
Жаңартылған: 23.08.2018