• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 11 қаңтарда өтетін отырысына жекешелендіру барысы туралы анықтама

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау қажет.

Мемлекеттік органдар аталған тапсыманы іске асыру үшін Жекешелендіру объектілерін іске асыру кестелерін қайта бекітіп, әр объектіні іске асыру бойынша Жол карталарын әзірлеген.

Жол картасы Кестені бекітуден бастап және сатып алу және сату шартына қол қою күніне дейін, барлық іс әрекеттерді және оларды іске асыру мерзімдерін айқындайды. Аталған жол карталары жалпыға бірдей қолжетімді және Мемлекеттік меншік тізімінің сайтында (gosreestr.kz) жарияланған.

2017 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша Кешенді жоспарды орындау шеңберінде 148,4 млрд. теңге сомасына 359 объект жекешелендірілген:

  • республикалық меншік бойынша – жалпы сомасы 20,7 млрд. теңгеге 27 объект;
  • коммуналдық меншік бойынша – 45,3 млрд. теңге сомасына 213 объект;
  • ұлттық компаниялар мен холдингтердің активтері бойынша – 82,3 млрд. теңге сомасына 119 объект жекешелендірілді.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік комиссияның 12 отырысы отырыс (03.04.2016ж., 22.04.2016ж., 16.06.2016ж., 28.06.2016ж., 20.09.2016ж., 17.10.2016ж., 12.12.2016ж., 15.02.2017ж., 11.05.2017ж., 29.05.2017ж. 02.11.2017ж., 23.11.2017ж) өткізілген.

Бүгінгі күні ТОП–68-ден 32 активті сату тәсілі бойынша, оның ішінде республикалық меншіктегі 8 компания және Қордың 25 компаниясы, сондай-ақ бәсекелес ортаға беруге жататын, Қордың 139 активі бойынша және оның тобының 168 активі бойынша шешім қабылданған.

Мемлекет басшысы 2016 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында жекешелендіруден түскен қаражатты Ұлттық қорға жіберу бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.

Аталған тапсырманы орындау үшін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы (бұдан әрі – Заң) шеңберінде Бюджет кодексіне және «Мемлекеттік меншік туралы» ҚР Заңына тиісті түзетулер енгізілген.

Заңды іске асыру үшін, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін қаражатты Ұлттық қорға беру тәртібі әзірленген.

2016 жылы жүргізілген түгендеудің нәтижесінде Министрлік Мемлекеттік меншікте қалатын объектілер тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастырған, ол 6511 ұйымнан тұрады, оның ішінде мемлекеттік меншіктегі 6054 ұйым және  квазимемлекеттік сектордағы 457 ұйым бар.

ҚР Премьер-Министрі Б.Ә. Сағынтаевтың 2017 жылғы 21 маусымдағы №17-53/06-167 (2.1.83-т.) тапсырмасына сәйкес түгендеу нәтижелер мемлекеттік меншік тізімінде орналастырылады.

Бұдан басқа, «YellowPages» қағидаттарына сәйкес келмейтін, мемлекеттік меншіктегі 242 кәсіпорын мен ұйымды тарату мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар мынадай жұмыстар атқарған:

192 ұйым тарату туралы шешім қабылдады, оның ішінде банкрот деп жариялау туралы сот шешімі;

2 ұйым сатуға қойылған;

Салықты, несие берушіні, дебиторлық берешекті, бағалауды және т.б. түсіндіруге байланысты 49 ұйымға тарату бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.