• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР Ұлттық экономика министрлігінде ҚАЗТЕСТ бойынша диагностикалық тестілеу

Ішкі әкімшілендіру департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау үшін 2018 жылғы қыркүйектің 26-27 күндері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізілді. 

Министрліктің Орталық аппараты бойынша тестілеуден 101 мемлекеттік қызметші өтті, оның ішінде деңгейлер бөлінісінде: жоғары деңгейде – 3 адам, ортадан жоғары деңгейде – 32 адам, орта деңгейде – 33 адам, базалық деңгейде – 25 адам, қарапайым деңгейде – 8 адам.

Сондай-ақ ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу Статистика (79 адам) және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеттерінде (13 адам) өткізілді.

Жалпы Министрлік бойынша деңгейлер бөлінісінде жоғары деңгейде тапсырғандар – 4 адам, ортадан жоғары деңгейде – 63 адам, орта деңгейде – 59 адам, базалық деңгейде – 57 адам, қарапайым деңгейде – 10 адам.

ҚАЗТЕСТ тестілеу жүйесі қызметкерлердің қазақ тілін қандай деңгейде меңгергендігін және оның коммуникативтік-тілдік құзыреттілігінің қандай дәрежеде қалыптасқандығын анықтау мен бағалауға мүмкіндік беретін болғандықтан, аталған жүйемен тестілеу одан әрі жалғаса бермек.

Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2018 жылғы 15-16 қарашада «Тілдік білімді бағалау: теориясы мен әдістемесі» тақырыбында семинар өткізгенін, семинар барысында ҚР Сыртқы істер, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты мемлекеттік органдармен қатар Ұлттық экономика министрлігі де жұмыскерлерінің ҚАЗТЕСТ бойынша тестілеуде белсенділік танытқаны үшін  ерекше аталып өткенін хабарлаймыз. Осыған байланысты Министрлікте ҚАЗТЕСТ тестілеуін ұйымдастырушы - Ішкі әкімшілендіру департаменті Мемлекеттік тілді дамыту және редакциялау басқармасының бас сарапшысы Гүлнар Рымжанова мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуына, оның өз саласында насихатталуына және «ҚАЗТЕСТ» жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының алғыс хатымен марапатталды.