• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Кәсіпкерлік субъектілер реестрі» СБӨ

Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына сәйкес, 2016 жылы ақпараттық-коммуникациялық қызметті (АК-қызмет) жалға алуды тұспалдайтын «Кәсіпкерлік субъектілер реестрі» сервистік бағдарламалық өнімі (КСТ СБӨ) жүзеге асырылды.

«Кәсіпкерлік субъектілер реестрі» сервистік бағдарламалық өнімі тізілімді енгізу, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттарын есептеу, субъектің санаты туралы анықтама беруді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін қалыптастыру бойынша мәселелерді шешу үшін арналған.

АК-қызметтің функционалдылығы – бұл кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы (микро, кіші, орта және ірі бизнес) кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, сот органдары, бизнес-қауымдастықтар және консалтингтік ұйымдар үшін негізгі деректер көзі болып табылады. Кәсіпкерлік субъектілер реестрі кәсіпкерлік субъектісінің санаттары туралы анықтама беру, тізілімде іздеу және қарау және де тізілімді қалыптастыру бойынша процестерді автоматтандырады.