• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының кейбір түрлеріне бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасының қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 14) тармақшасына сәйкес «Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларының кейбір түрлеріне бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерлерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасының қаулы жобасы әзірленді.

Жобамен Ақтөбе облысы бойынша картопқа, ақ қауанды қырыққабатқа, басты пиязға, қызылшаға және сәбізге шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.

Аталған жобаны қабылдау жоғарыда көрсетілген туарлар тізбесіне бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмін құрады.