• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Әлеуметтік және қаржы секторлардың көрсеткіштері

Әлеуметтік сектордың көрсеткіштері

Халықтың ақшалай кірістерімен жұмыссыздық деңгейі

Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірістері 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте 656,2 мың теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 11,4%-ға өсті, нақты мәнде 4,3%-ға төмендеді.

Орташа айлық номиналды жалақы 2016 жылғы (бағалау) қаңтар-қазанда 139,5 мың теңгені құрады және номиналды мәнде 13,0%-ға ұлғайды, нақты мәнде – 2,5%-ға төмендеді.

Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылғы қазанда 4,9%-ды құрады.

4)Қаржы секторының көрсеткіштері

Экономиканы кредиттеу

Экономиканы кредиттеудің тұрақсыз серпіні байқалып отыр. Қаңтардан сәуірге дейін экономикаға салынған кредиттердің төмендеуі байқалса, мамырдан бастап шілдеге дейін өсуі байқалды, бірақ тамызда ЕДБ кредиттері бір айда 0,6%-ға төмендеді, қазанда 0,7%-ға ұлғайды.

Сол арқылы 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша экономика салаларына екінші деңгейдегі банктер кредиттері 12 770,0 млрд. теңгені құрады және заңды тұлғаларға берілетін кредиттердің 2,4%-ға 8 718,6 млрд. теңгеге дейін өсуі есебінен жыл басынан бастап 0,8%-ға ұлғайды (9 айдағы өсуі 0,1%-ды құрады).

Жыл басынан бері жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 2,7%-ға 4 051,5 млрд. теңгеге дейін төмендеді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-қазандағы жаңадан берілген кредиттер көлемі 8,1 трлн. теңгені құрады және 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 8,1%- ға өсті.

Бұл ретте, берілген кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің а.ж. қаңтардағы 20,7%-дан а.ж. қыркүйекте 14,9%-ға дейін төмендеуі байқалады, оның ішінде қысқа мерзімді кредиттер бойынша 23,1%-дан 14,9%-ға дейін, ал ұзақ мерзімге берілген кредиттер бойынша 15,3%-дан 15,0%-ға дейін төмендеді.

Осының аясында, қысқа мерзімді кредиттер өсуде (11,3%-ға, 5,2 трлн. теңгеге дейін жалпыға 64,2% үлесімен). Ұзақ мерзімді кредиттеудің көлемі 2,8%-ға өсті (2,9 трлн. теңгеге дейін - үлесі 35,8%).

Жаңа кредиттер негізінен саудаға (3,2 трлн. теңге – үлесі 39,7%) және өнеркәсіпке (1,6 трлн. теңге – үлесі 19,5%) бағытталды.

Құрылысқа 340,8 млрд. теңге (үлесі 4,2%) және ауыл шаруашылығына – 224,2 млрд. теңге (үлесі 2,8%), сондай-ақ транспорт саласына – 247,3 млрд. теңге (үлесі 3,1%) бағытталды.

Депозиттер мен ақша агрегаттары

Депозиттер жыл басынан бері 11,2%-ға өсті және 17 754,1 млрд. теңгеге жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттері – 13,6%-ға 10 423,6 млрд. теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттер – 7,9%-ға 7 330,5 млрд. теңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 31%-дан 44,2%-ға дейін өсті.

Айналымдағы қолма-қол ақша (М0 - банк жүйесінен тыс ақша) көлемі жыл басынан бастап 27,0%-ға ұлғайды және 1 572,8 млрд. теңгені құрады.

Ақша массасы (М3 - айналымдағы қолма-қол ақшаның және банктік емес резидент заңды тұлғалардың және халықтың ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа да депозиттерінің сомасы) жыл басынан бастап 19 327,0 млрд. теңгеге дейін 12,0%-ға немесе ЖІӨ-ге қатысты 43,6%-ға ұлғайды.

Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік бюджеттің кірістері 2016 жылғы қаңтар-қазанда 7 575,2 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 82,6%-ға орындалды. Шығындар 7 386,1 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 77,1%-ға орындалды. Тапшылық 359,4 млрд, теңгені құрады.

Республикалық бюджеттің кірістері 6 256,0 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 81,8%-ға орындалды. Шығындар 6 315,1 млрд. теңгені құрады және жылдық жоспарға қатысты 78,5%-ға орындалды. Тапшылық 559,8 млрд. теңгені құрады.

Қазақстанның мемлекеттік борышы 2016 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11 266,1 млрд. теңгені немесе 33,6 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылғы болжамды ЖІӨ-ге қарағанда 27,6% құрайды. Мемлекеттік борыштың 79,5% (8 959,1 млрд.теңге немесе ЖІӨ-ге қарағанда 21,9%) ҚР Үкіметінің борышы, оның ішінде ішкі борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 10,6%, сыртқы борыш – ЖІӨ-ге қарағанда 11,3% құрайды.

Тұтастай алғанда, кепілдіктер мен кепілгерліктерді ескере отырып, мемлекеттік борыш 2016 жылдың басынан бастап 23,8% -ға ұлғайып, 11 510,5 млрд теңгені құрады.