• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет саясаты әлемдік экономикаға Қазақстанның жедел интеграциялануына және нарық тетiктерін дамытуға бағытталған болатын.

Сол кезде мемлекет саясатының басымдықтарының бірі нарықтық қатынастардың негізгі элементтерінің бірі ретінде жеке меншік институтын қалыптастыру қажеттігі жарияланды. Қойылған мақсатқа қол жеткізу құралы ретінде сол кезеңдегі экономикалық айналымғы тартылған жалғыз меншік түрі болған мемлекеттік мүлікті жекешелендіру саясатын негіз ретінде қабылдады.

1991 жылы «Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендіру туралы» Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 22 маусымдағы № 695-XII Заңы қабылданды. Бұл заң оны иеліктен шығаруды және жекешелендіруді көздейтін Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті қайта құрудың құқықтық негізін, қағидалары мен рәсімдерін айтқандады, өзіне Қазақстан Республикасында жекешелендіруді жүзеге асырудың барлық тетіктерін іс жүзінде шоғырландырды.

Осы Заңның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі 1991-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы қабылданды.

Сол кезеңдегі мемлекет активтерін басқару саясатының негізгі бағыты ретінде,1991 жылдан бастап жүргізілген жекешелендіру саясатының негізгі нәтижелері ретінде мыналарды атауға болады:

мүлкі елдің жалпы капитал айналымына тартылған жеке меншік иелерінің қалың тобы қалыптасты;

Мемлекет нарықтық экономика жағдайында мақсаты оның функцияларына жат, бейінді емес активтердің көбінен құтылды;

Қазақстан бүкіл өзіне тән институттары бар нарықтық экономикасы бар мемлекет деп танылды.

Барлығы 1991 жылдан бастап 2008 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстанда алты екі жылдық жекешелендіру бағдарламасы әзірленді. Үш бағдарлама кең ауқымды жекешелендіруді іске асыруға екпін жасады, соңғы үш бағдарлама Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы шеңберінде әзірленді. Жалпы, осы кезеңде 3803 акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік акциялар пакеті жекешелендірілді. Аукцион арқылы арқылы 2817, тендер арқылы - 680, тікелей арнаулы сату кезінде - 171 жекешелендірілді және 135 үлесі биржада сатылды.  Осы кезең ішінде 38.478 мүліктік кешендер, жылжымайтын мүлік объектілері, аяқталмаған құрылыс, көлік және басқа да объектілер жекешелендірілді.

Мемлекеттік активтерді басқару 2000 жылдары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

мемлекеттік мүлікті оңтайландыру

мемлекеттік активтерді есепке алудың бірыңғай базасын құру;

мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

мемлекеттік экономика секторында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу;

ұлттық басқарушы холдингтерді, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды (ЖШС), мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды бағалау және талдау жүргізу.

Экономиканың мемлекеттік секторын тиімді басқару мақсатында стратегиялық маңызы бар салаларда 2006-2008 жылдардағы кезеңде. мемлекеттің негізгі ірі активтері шоғырландырылған екі ұлттық басқарушы холдинг («ҰБХ Самұрық-Қазына» АҚ,» ҰБХ «ҚазАгроның») және төрт ұлттық холдинг («Зерде» АҚ, «Парасат» АҚ, «Арна Медиа» АҚ, «Ұлттық медициналық холдинг») құрылды.

Мемлекет құрған ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық холдингтер әлемдік озық тәжірибені ескере отырып, оларға жеке меншікке немесе сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық компаниялар мен басқа заңды тұлғаларға корпоративтік басқару процестері мен дағдыларын енгізуде. Холдингтік құрылым, бұл ретте мемлекетке активтерді бақылауды сақтауға мүмкінді бере отырып, жеке компаниялардың директорлар кеңесінің жұмыс тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының Жарлығын орындау үшін, ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамассыз ету, экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру, компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында 2009 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Қазақстан инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары әзірленіп, қабылданды. Осылайша, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының ел экономикасындағы оның ерекшеліктерін, орны мен рөлін ескере отырып, қызметін қамтамасыз ететін заңнамалық база қабылданды.

Стратегиялық маңызы бар объектілерді мемлекеттің бақылауының тиімді тетігін құру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің экономика саласындағы мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 7 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Аталған Заңды жүзеге асыру және стратегиялық объектілерге берілген меншік құқығын бақылаусыз беруді және оларды үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуды болдырмау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалықтар салу қағидалары мен Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын пайдалану ережесі бекітілді. Осы қаулылармен, стратегиялық объекті жеке меншікте тұрған және меншік иесінің аталған объектіні сату ниеті болған жағдайда, Үкіметтің стратегиялық объектілерге ауыртпалықтар салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу тәртібі және нарықтық құны бойынша стратегиялық объектілерді басымды құқықпен сатып алуды қолдану тәртібі белгіленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекет пен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілер тізбесі» бекітілді.

Мемлекеттік секторда корпоративтік басқару қағидалары енгізілуде. 2012 жылдан бастап мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқарылуын бағалау жүргізілуде.

Ашықтықты, мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында жоспарлау, мониторингілеу, тиімділікті бағалау және мемлекеттік мүлікті басқаруды бақылау жүйесі жетілдірілді. Бұл жүйе бірыңғай мемлекеттік активтерді есепке алу базасы мен мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен мемлекеттің қатысуы бар жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жоспарлаудың бірегей тәсілі негізінде құрылған. Бүкіл Жүйенің негізі кез келген мемлекеттік мүліктің бар болуы мен жағдайы туралы ақпаратты қамтитын Мемлекеттік мүлік тізілімі болып табылады.

Жыл сайын бекітілген есептілік нысандары негізінде мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуын мониторингілеу жүргізіледі және даму жоспарларының орындалуы туралы есебінің негізінде мемлекеттік, оның ішінде комуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау мен талдау жүргізіледі.

Жыл сайын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің қорытындысы бойынша, мемлекеттік мүліктің мақсатына сай емес пайдаланылуын анықтауды даму жоспары мен есептілікті әзірлеудің дұрыстығын қамтамасыз ететін бақылау жүргізіледі.

2011 жылғы 1 наурызда Мемлекет басшысы мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жүйелеуге және заңнамада анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл Заң мемлекет мүліктік құқықты алған сәттен бастап олар тоқтатылғанға дейін мемлекеттік мүлікті басқару рәсімдерін реттейтін негізгі заңға айналды.

Алғаш рет мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде әрекет ететін құқықтық алаң бір заңнамалық актіге біріктірілді. Мемлекет қатысатын мүліктік қатынастар саласындағы заңнаманы жүйелендіру жүргізілді.

Заң мемлекеттің меншік иесі ретіндегі және өзге мемлекеттік мүлікке құқығын иеленуші ретіндегі құқықтарын тиімді жүзеге асыруын;  мемлекеттік активтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреттілігінің аражігін айқын ажыратуды және мемлекеттік активтерді басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін осы органдар мен олардың басшыларының жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, Заң ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар мен ұлттық компаниялар арқылы мемлекеттік активтерді  корпоративтік басқарудың, олардлың мемлекеттік органдармен айқын өзара іс-қимылы мен оларға басқаруға немесе жеке меншікке берілген активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін жауапкершілігін айқындаудың құқықтық негіздерін белгіледі.

Әлеуметтік шиеленісті толық көлемде азайту мақсатында жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты стратегиялық объектілерге басым құқықты іске асыру, ұлттандыру, реквизициялау, жер учаскесiн немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сияқты мемлекеттің азаматтардың меншік құқығын сатып алу негіздері регламенттелді.

Заң білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда корпоративтік басқару элементтерін енгізуді көздейді.

Заң, мемлекеттік мүліктің құрамын, мүлікті мемлекеттік меншікке сатып алу, мемлекеттік мүлікті иелену, пайдалану, иелiктен шығару, мониторингілеу, бақылау және есепке алу тәртібі мен негіздерін айқындайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін «Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының  акциялар пакетін пайдалы қағаздар нарығына (бұдан әрі-«Халықтық IPO» бағдарламасы) шығару бағдарламасы әзірленді.

 «Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру Қазақстан халқына өздерінің ұзақ мерзімді жинақтарын инвестициялау үшін ірі компаниялардың акцияларын иеленуге және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, компаниялардың акцияларын Халықтық IPO-ға шығаруды  қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы  әзірленуде.

Мемлекет басшысы 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды шығару тетігі ретінде,  ауқымды жекешелендіруді айқындады.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және квазимемлекеттік сектор активтерін беру:

- бәсекелестікті одан әрі дамыту және экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту;

- отандық кәсіпкерлікті нығайту;

- мемлекеттік активтердің неғұрлым тиімді меншік иесіне көшуі арқылы елімізде жеке бизнесті одан әрі дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2015 жылғы 4 желтоқсанда іс-шаралар жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін белсендіру бойынша шаралар қабылданған «Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Осы Заң шеңберінде:

1. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор активтерін әділ нарықтық құны бойынша, ашық және бәсекелі сату.

2. Қазақстандық және шетелдік инвесторлардың жекешелендіруге барынша қатысуы үшін жағдайлар.

3) Ұлттық басқарушы холдингтердің активтерін сату бойынша шектеулерді алып тастау қамтамасыз етілді.

2014 жылғы 31 наурызда Үкімет 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарын бекітті.

Мемлекет басшысының жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың жаңа тәсілдерін енгізу жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, Ұлттық экономика министрлігі жаңа 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жекешелендіру жоспарын әзірледі және жекешелендіруге және мемлекет иелігінен алуға жататын компаниялар тізбесін өзектілендірді.

Кешенді жоспардың құрамына:

1. 65 республикалық меншіктегі ірі компаниядан, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ, «Бәйтерек» АҚ және «ҚазАгро» АҚ тұратын мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың жекешелендіру объектілерінің тізбесі;

2. 173 компаниядан тұратын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың тізбесі;

3. 545 ұйымнан тұратын, өзектендірілген қолданыстағы Жекешелендіру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, тарату нәтижесінде бәсекелестік ортаға берілетін объектілер тізбесі, оның ішінде:

республикалық меншіктегі 49 ұйым;

коммуналдық меншіктегі 367 кәсіпорын;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 129 еншілес және тәуелді компаниялары кірді.

Қолданыстағы тізбе:

- сатылған компанияларды, сондай-ақ Квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жөніндегі комиссияның шешімдері бойынша алып тасталған компанияларды алып тастау;

- мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша ұйымдарды толықтыру жолымен жаңартылған болатын.

Осы Тізбелерді қалыптастырудың негізіне «Бәсекелестік туралы» Заңда көзделген «Yellow Pages» («Сары беттер») қағидаты мен Мемлекет басшысының «Иеліктен шығаруға жатпайтын объектілер тізбесі туралы» Жарлығы алынды.