• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-12-бабының 3), 4), 5), 6) 7) 8) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1- қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының аутсорсингін жүзеге асыру қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру үшін іріктеу әдістемесі;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциясының құнын айқындау әдістемесі;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға беру үшін ұсынылатын функциялары бойынша нарықтың дайын болуына талдау жүргізу әдістемесі;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары.

2. Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті  заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1)2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                Р. Дәленов

 

 

                      «КЕЛІСІЛДІ»

            Қазақстан Республикасының

            Қаржы министрлігі 

 

 

Орналастырылған: 02.08.2019
Жаңартылған: 09.08.2019