• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 16, 153-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 28 мамырдағы № 327 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2019 жылға арналған тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«

3

«Қапшағай-Күрті» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-67 км «Астана-Қарағанды-Балқаш-Алматы» Орталық-Оңтүстік дәлiзiн реконструкциялау»

39 134 495,16 мың теңге

2019 -2022

34 479 731,42 мың теңгеге дейін

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі

                                                                                                                ».

2.   Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                        А. Мамин

Орналастырылған: 23.08.2019
Жаңартылған: 23.08.2019