• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – пилоттық органдар) тізбесі бойынша пилоттық органдар үшін мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің пилоттық режимі енгізіледі;
2) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесіне негізделеді;
3) пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне еңбекақы төлеу лауазымдық айлықақылар схемасы, сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу, үстемеақылар, өтемақылар, бонустар негізінде жүргізіледі;
4) қызмет бабында пайдалану үшін;
5) пилоттық органдардың қызметтегі мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларының мөлшерлері төмендеген жағдайда олардың 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша лауазымдық айлықақыларының нақты мөлшерлері сақталады деп белгіленсін.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын деңгейлер мен функционалдық блоктар бойынша бөлу;
2) қызмет бабында пайдалану үшін;
3) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Пилоттық органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, 
сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы қаулының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), олардың облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Астана қаласы Әділет департаментінің, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Алматы ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Сарыарқа ауданы әдiлет басқармасының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Астана қаласы Әдiлет департаментінің Есіл ауданы әдiлет басқармасының, Астана қаласы және Маңғыстау облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қолданысы 2018 жылғы          31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тоқтатылсын.»;
2) қызмет бабында пайдалану үшін.
4. Пилоттық органдар бір ай мерзімде қолданыстағы штат кестелерін мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының ережелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық органдарының құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын қызметкерлеріне қолданылмайды.
6. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және     2019 жылғы 30 маусымға дейін қолданылатын бонустарды төлеу бөлігінде осы қаулының 2-тармағының 3) тармақшасын қоспағанда, 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                            Б. Сағынтаев