• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 18 ақпандағы № 133 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10501 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Аталған бұйырыққа қосымшада:

3-тармақ мынадай мазмұндағы 6)-тармақшамен толықтырылсын:

«6) мемлекеттік қызметшілердің штат санын оңтайландыру.»;

4-тармақ мынадай мазмұндағы 5) және 6) – тармақшалармен толықтырылсын:

«5) функцияның / мемлекеттік қызметтің құны –мемлекеттік органның функциясы / мемлекеттік қызметі үшін қажетті ағымдағы шығындардың барлық түрлері анықталуы және есепке алынуы тиіс шығыстарды есепке алу;

6) функцияның / мемлекеттік қызметтің құнын есептеу - мемлекеттік органның функцисының / мемлекеттік қызметін орындау құнын есептеу нысаны.»;

6-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

«Мерзімдерді, жауапты тұлғаларды көрсете отырып мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру үшін жоспар-кестеде бөлек бөлім көзделіп отыр.»;

10-тармақ мынадай мазмұндағы 3)-тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру бойынша жоспарланған шаралар бөлігінде жоспар-кестені, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің ережесін, штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулықтарын жолдайды.»;

13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) функциялардың / мемлекеттік қызметтің құнын анықтау.

Мемлекеттік органның функцияларын орындау құны штаттық шығындарды, жеткізуді, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу шығындарын, басқа да операциялық шығыстарды, үстеме шығыстарды және қосымша шығындарды қамтиды.»;

15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру, қызметкерлерді ұтымды бөлу, соның ішінде мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін көтеру немесе азайту;»;

16-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) мемлекеттік органның функционалдық / мемлекеттік қызмет құнын есептеу (осы Қағидаларға 3-қосымша).».

2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау мен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығы бар «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның бірінші рет ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат

және коммуникациялар министрі                                        Д. Абаев

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

________________ М. Бекетаев

«___» __________ 2018 жыл

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

________________ Т. Сүлейменов

«___» __________ 2018 жыл

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

________________ Б. Сұлтанов

«___» __________ 2018 жыл