• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 27 маусымдағы № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17202 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:

1. "Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 10681 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында:

13-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"7) "Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты бойынша мыналар:

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау;

мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.";

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"16. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтау жүргізіледі:

1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

тиімділігі жоғары (10-8 балл);

тиімділігі орташа (7-4 балл);

тиімділігі төмен (3-0 балл);

2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

тиімділігі жоғары (20-18 балл);

тиімділігі орташа (17-8 балл);

тиімділігі төмен (7-0 балл);

мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

тиімділігі жоғары (18-16 балл);

тиімділігі орташа (15-8 балл);

тиімділігі төмен (7-0 балл);

3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

тиімділігі жоғары (16-14 балл);

тиімділігі орташа (13-6 балл);

тиімділігі төмен (5-0 балл);

4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

тиімділігі жоғары (16-14 балл);

тиімділігі орташа (13-6 балл);

тиімділігі төмен (5-0 балл).";

1, 2 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы                             Р. Дәленов

Орналастырылған: 12.06.2018
Жаңартылған: 23.10.2018