• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүйесінің 2017 жылға арналған қорытындыларын жариялау бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы

№ 954 Жарлығымен Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі (бұдан әрі – Бағалау жүйесі) бекітілді.

Бағалау жүйесімен бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар, бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, оның қағидаттары  мен тәртібі анықталған.

Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 93 – қадамын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясының шешімімен 2017 жылдан бастап Мемлекеттік аппарат жұмыстарын бағалау жүйесінің жаңа моделін енгізу бойынша:

- құрамына Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері және Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары кіретін, Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияны құру арқылы тәуелсіз сыртқы бағалау енгізілген;

- 5 бағалау бағыты 3 блокқа дейін оңтайландырылған (бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу; мемлекеттік органдардың азаматтармен өзара іс-қимылы; мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы);

Бірінші блок мемлекеттік органның бір жылға қойылған стратегиялық сипаттағы міндеттерге қалай қол жеткізгенін және де бұл ретте оның бюджеттік бағдарламалардың қаражатын қалай игеріп, пайдаланғанын бағалайды. Осы жылы алғаш рет барлық министрліктерде стратегиялық жоспарлау мақсаттары мен бюджет арасындағы байланыс та бағаланған.

«Азаматтармен өзара іс-қимыл» атты екінші блок мемлекеттік органдардың азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарлануын қолдайды. Мемлекеттік орган қызметтерді қаншалықты сапалы және мерзімінде көрсететіні, оның азаматтардың өтініштерін қаншалықты сапалы және толық қарап, қанағаттандыратыны бағаланады, сонымен қатар мемлекеттік органның «ашықтығы»: оның қандай және қанша ашық деректерді жариялауы, азаматтармен диалог жасауы, (сайт, блогтар, сауалнамалар, баспасөз-конференциялар), бюджеттік ақпаратты қаншалықты толық ашатыны және заң жобаларын талқылау үшін жариялауы бойынша үлкен жұмыс бағаланады. Бағалау шеңберінде анонимді сауалнамалар арқылы халыққа көрсетілген қызметтердің сапасына қоғамдық мониторинг жүргізіледі.

«Ұйымдастырушылық даму» блогы мемлекеттік органның ұйым ретінде тиімділігін бағалауды анықтайтын факторларды бағалайды, онда мемлекеттік органның персоналды басқаруы, сондай-ақ мемлекеттік органның өз жұмысында ақпараттық жүйелерді қаншалықты толық және тиімді пайдаланатыны, олардың электрондық үкіметпен қаншалықты ықпалдасатыны бағаланады.

- мемлекеттік органдар қызметінің негізгі салаларына сауалнама жүргізу үшін мен қоғамдық кеңестер мен тәуелсіз сарапшылар тартылған;

- «Мемлекеттік органдар тиімділігін бағалау» 

интернет-порталында және bagalau.kz сайтында бағалаудың қорытындылары жарияланған.