• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 795 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12921 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 1. Мыналар:

1)  мемлекеттік статистика саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) орталық және жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және өзге де мемлекеттік органдарға

3) кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдеріне қатыстымемлекеттік статистика саласындағы тексеру парағы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1 және 2-қосымшаларосы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                      Т. Сүлейменов

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитеті