• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы

25 қарашадағы № 725 бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

21 тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Конкурстық құжаттаманың салалық сараптамасын ол енгізілген кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жергілікті жобалар бойынша) жүргізеді және ол мыналарға:»;

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) МЖӘ жобасын республикалық меншікке жататын объектілер бойынша (жұмыс істеп тұрған немесе салынуы болжанып отырған) іске асыру жоспарланады және/немесе осы МЖӘ жобаларын іске асырудан экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың субъектілері болып табылады Алматы қ. жеңіл рельсті көлік желілерін салуды қоспағанда**;»;

ескертпе келесі редакцияда жазылсын:

«*Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында сәйкес МЖӘ объектісінің құрылысы техникалық күрделілігі жауапкершіліктің бірінші деңгейі – жоғарыға жатқызылатын жағдайда.

** Жергілікті жобалар бойынша валюталық тәуекелдерді өтеуге байланысты шығыстар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.».

2. Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан  Республикасының

Ұлттық  экономика  министрі                               Р. Дәленов

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

Орналастырылған: 25.06.2019
Жаңартылған: 09.08.2019