• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Министрдің 2019 жылғы 25 маусымдағы брифингтегі баяндамасы

Құрметті журналистер !

Министрліктің құзыреті бойынша іс-шаралар жоспары көптеген мәселелерді қозғайды. Бұл дегеніміз табысты кәсіпкерлік, тиімді қаржылық жүйе, қуатты өңірлер, тиімді мемлекеттік басқару мен серпінді экономика.

Табысты кәсіпкерлік жөнінде. Табысты кәсіпкерлікке арнап, «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы қабылданады. «БЖК-2025» шеңберінде 30 мың жаңа жұмыс орны құрылып, салықтық түсім 1,3 трлн. теңгеге ұлғаяды. Шағын және орта бизнестің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылы 35% болады.

«Бизнестің жол картасы – 2025»-те кредит мөлшері өсіріледі. Мәселен, айналым қаражатын кредиттеу мөлшері 60-тан 360 млн теңгеге көбейеді.

Бағдарламаға тек 2-деңгейлі банктер ғана емес, сонымен қатар микрокредиттік ұйымдар да қатысады.

Кредиттердің франшиза сатып алу мен қайта қаржыландыру бойынша нысаналы мақсаты артады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттардың көлемі 3-тен 5 млн.теңгеге көбейтіледі.

Біз мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі барлық қолдау шараларының, барлық салық, кеден мен кәсіпкерлік кодексіндегі жеңілдіктердің тиімділігін арттыру үшін оларға талдау жасаймыз. Неғұрлым сұранысқа ие шаралар көбейтіледі.

Жаңа инвестиция тарту мақсатында салық салу мен салықтық әкімшілендіру, атап айтқанда, инвестициялық салық кредиті жетілдіріледі.  

Сондай-ақ адал бәсекелестікке зиянын тигізетін барлық кедергілер тексеріледі.  

Біз «кәсіпкерлердің адалдығының анық-қанықтығын» көздейтін заңнамалық нормаларға бастамашылық жасадық. Яғни, заңнамадағы барлық екіұштылық пен реттелмеген мәселелер кәсіпкердің пайдасына шешіледі.

Тиімді қаржылық жүйе

 Біз бизнесті қаржыландыру мен азаматтардың табыс көздерін қаржылық қорды дамыту арқылы ұлғайтуды жоспарлаудамыз. Оның ішінде, азаматтарды ұлттық компаниялардың IPO-сына белсенді түрде тартпақпыз.

Бюджеттің мұнай түсімдеріне тәуелділігін төмендету жөніндегі шаралар зерттелуде. Заңнамалық бастамалар сонымен қатар банктік активтердің сапасын жақсартуға да қатысты.

Қуатты өңірлер

Биыл Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы жасалады. Онда демография жөніндегі болжам, әрбір өңірдің инфрақұрылымы көрініс табады.

Өңірлерді дамыту мақсатында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаның негізгі міндеті – өмір сүру сапасын моноқалалардағы, тірек ауылдардағы, функионалдық қалалық аудандардағы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту арқылы жақсарту. Бағдарлама шеңберінде урбандалу деңгейі 62%-ке дейін арттырылмақ. Сондай-ақ өңірлер арасындағы жан басына шаққандағы Ішкі өңірлік өнім алшақтығын 2,8 есе азайту жоспарланып отыр. 

«Ауыл – ел бесігі» жобасы

Жобаның мақсаты: ауыл өмірінің сапасын жақсарту, қажетті әлеуметтік игіліктерге қол жеткізу, ауылдық аумақтарды жаңғырту.

Біз ағымдағы жылы өңірлік стандарттарды енгіземіз. Әрбір ауыл, шағын қалалар минималдық стандартқа жақындайды: мәдени нысандар, медпункттер, жолдар, мектептер салынады. Тірек ауылдар (аудан орталықтары) мен жақын орналасқан серік ауылдар іріктеледі. Біздің міндетіміз – 2025 жылға дейін Жоба арқылы 6,5 млн ауыл тұрғынын жақсартылған инфрақұрылыммен қамту (83% ауыл тұрғыны). 

Тиімді мемлекеттік басқару

Біз мемлекеттік басқаруды жақсарту жұмыстарын тұрақты жүргіземіз. Бірінші кезекте, бұл дегеніміз бюджеттік қаражаттың пайдаланылуы жөнінде халық алдында есеп берушілікті арттыру.

Сондай-ақ, ұлттық холдингтер мен компаниялардың қоғам алдында есеп берушілігі мен бақылауға алыну механизмі әзірленеді. Бюджет нәтижеге барынша бағдарланады.

Серпінді экономика

Серпінді экономиканың негізгі міндеті халықтың нақты табысының өсуі.

Біз еңбек өнімділігін арттыру, шикізатсыз экспорттың өсуі бойынша шаралар қабылдаудамыз. Экспорттық потенциалды дамытудың про-активтік тәсілі 2018 жылы экспортты 61 млрд. долл. дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді (2017 жылғы 48,5 млрд.долларға қарсы). 2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция – Жалпы ішкі өнімнің 18,9%-і. Тікелей шетелдік инвестицияның жалпы түсімі – 24,3 млрд.долл. Еңбек өнімділігі – 6 млн теңге/адам.

Назарларыңызға рахмет, сауалдарыңызға жауап беруге әзірмін.