• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19916 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 31 мамырында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монополиялық жоғары (төмен) бағаны анықтау жөніндегі әдістемесі:

мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Биржалық тауарлардың тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағасы, егер мұндай баға осы Кодексте шектелген монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде белгіленбеген жағдайда, монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайды.

Егер биржалық тауардың бағасы қаралып отырған кезеңде тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиiсінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан бағадан аспаған жағдайда, ол монополияға қарсы орган айқындайтын тәртіппен монополиялық жоғары деп танылмайды.

Монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу фактісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру арқылы анықталады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың

1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.