• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Мүдделілігін білдіру тілегі Қазақстан Республикасы шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қарыздың № : 8477-KZ Келісім-шарттың №: KZ/SMEC/ QCBS -02

Тапсырманың аты: бизнес-кеңесшілерді дайындау жүйесін құру және бизнес-кеңесшілер мен ШОК субъектілеріне оқыту жүргізу бойынша қызметтер көрсету

Шығ. № № KZ/SMEC/QCBS -02

Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік банктен «Қазақстанда шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» Жобасы (одан әрі – Жоба) бойынша шығыстарды өтеуге қаржыландыру алды және алынған қаражаттың бөлігін консалтингтік қызметтерге ұстауға ниетті.

Консалтингтік қызметтер («Қызметтер») бизнес-кеңесшілерді дайындау жүйесін құру және бизнес-кеңесшілер мен ШОК субъектілеріне оқыту жүргізу бойынша қызметтер көрсетуді білдіреді.

Кезеңі – келісім-шартқа қол қойған күннен бастап 16 ай.

Бизнес-кеңесшілерді дайындау жүйесін құру және бизнес-кеңесшілер мен ШОК субъектілеріне халықаралық стандарт бойынша оқыту жүргізу осы қызметтің мақсаты болып табылады.

Бизнес-кеңесшілерді дайындау жүйесін құру және бизнес-кеңесшілер мен ШОК субъектілеріне оқыту жүргізу бойынша қызметтердің нәтижелері :

1) ХҚК логотипіне ие провайдермен 170 бизнес-кеңесші, оның ішінде олардың 50 % қазақ тілінде, 30 % - әйел-кеңесшілер оқытылуы және сертификатталуы;

2) 17 бизнес-кеңесші IFC-LPI сертификациясын алуы;

3) 2 бизнес-кеңесші IFC-тен сертификатталған жаттықтырушы шеберлердің болуы;

4) 18 бизнес-кеңесші IFC-LPI-ден бағалаушылар ретінде тіркелуі;

5) әзірленген бағдарламалар бойынша 3000 ШОК оқыту және оларға кеңес беру жүргізілуі;

6) Серіктестің және/немесе Жобаның сайтында электрондық оқыту іске қосылуы;

7) бизнес-кеңесшілер жұмысының сапасына бағалау жүргізлуі және Бағдарлама курстарының контентін, бизнес-кеңесшілердің жұмысын жақсарту бойынша ұсынымдар тұжырымдалуы;

8) ваучерлік бағдарламаның және оны қосу бойынша Тапсырыс беруші мен Серіктестікпен келісілген Жол картасының жобасы әзірленуі;

9) оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігін растаған, оқытылған ШОК үлесі 66% артық құрауы;

10) өздерінің басқарушылық және бизнес-процестерін жақсартқан ШОК үлесі 75 % артық болуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілген нәтижелерге жету үшін, Кеңес беруші келесіні орындауға:

  1. бизнес-кеңесшілерді, оқыту курстардың әзірлеушілерін және ШОК оқыту бағдарламалары мен жоспарын әзірлеуге;
  2. бизнес-кеңесшілер жұмысының сапасын бағалау әдістемесін әзірлеуге;
  3. ШОК үшін 170 бизнес-кеңесшіні оқытуды және бағалаушылар мен жаттықтырушы шеберлер болу үшін, одан әрі оқуға кандидат таңдау үшін IFC-LPI стандарттар бойынша тестілеу ұйымдастыруға;
  4. оқыту курстарының 5 қазақстандық әзірлеушілерін оқытуды ұйымдастыруға;
  5. IFC-LPI Бағалаушылар мәртебесін беріп, 18 бизнес-кеңесшіні оқытуды ұйымдастыруға;
  6. ХҚК сертификатталған жаттықтырушы шеберлер мәртебесін алуға ең жоғары рейтингі бар ең жақсы 17 бизнес-кеңесшіні оқытуды (ХҚК сертификатталған жаттықтырушы шеберлер мәртебесін алу, 2 немесе одан жоғары бизнес-кеңесші алуы тиіс);
  7. кем дегенде 3000 ШОК оқытуды (кеңес беруді) ұйымдастыруға және өткізуге;
  8. ШОК үшін электрондық оқытуды іске қосуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі осымен құқылы жергілікті консалтингтік фирмаларды («Кеңес берушілер») Қызметтерді ұсынуда өздерінің мүдделілігін білдіруге шақырады. Мүдделі Кеңес берушілер олар талап еткен біліктілікке және Қызметтер көрсету үшін тиісті тәжірибеге ие екендігін көрсететін ақпаратты ұсынуы тиіс. Мүдделілігін білдіруде аз дегенде, тапсырмаға қатысты келесі ақпарат болуы тиіс: талап етілетін біліктілігі, тәжірибесі және іріктеу өлшемдері дейңгейіне сәйкестігі (бірақ дара сарапшылардың биографиялық деректері емес). Мүдделілігін білдіру 15 беттен артық болмауының артықшылығы бар.

Қысқа тізім бойынша іріктеу өлшемдері:

  1. ШОК бәсекелікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған Халықаралық қаржы корпорациясы программалары немесе Европалық кеңесі мен ШОК үшін ХҚК халықаралық стандарттары бойынша оқытуды ұйымдастыру және жүргізу саласында 3 немесе одан жоғары ұқсас жобаларды іске асырудағы тәжірибесі;
  2. ХҚК тіркелген 2 немесе одан жоғары Кеңес берушілермен келісім-шарт жасалған Жаттықтырушы Шеберлердің болуы.

Ағылшын нұсқасына қосымша бағалау процесін жылдамдату үшін, егер Кеңес берушілер өздерінің Мүдделілігін Білдіруді орыс тілінде (тым болмаса ұқсас жобаларда компанияның тәжірибесі және персоналдың біліктілігі бойынша негізгі ақпаратты) ұсынса, көтермеленеді. Бірақ, орыс нұсқасын ұсынбау іріктеу процесіне әсер етпейді.

Мүдделі Кеңес берушілердің назарын Дүниежүзілік банктің: «Дүниежүзілік банктің Қарыз алушыларымен ХҚҚДБ қарыздары және ХДҚ кредиттер мен гранттары бойынша кеңес берушілерді іріктеу және жалдау жөніндегі» 2011 жылғы қаңтардағы, 2014 жылғы шілдедегі өзгерістерімен басшылығының 1.9 және 1.11 параграфтарына («Кеңес берушілер туралы басшылық») аударамыз, онда Дүниежүзілік банктің мүдделер мен құқықтылықтың шиеленісі бойынша саясаты көрсетілді.

Кеңес берушілер өзінің біліктілігін арттыру мақсатында кеңес беру қызметтерін көрсетуге біріккен кәсіпорын немесе қосалқы мердігер нысанында басқа, бірақ біреуден артық емес фирмамен бірігуі мүмкін.

Кеңес беруші Кеңес берушілер туралы басшылықта жазылған СҚІ (сапа және құнының негізінде іріктеу) әдісіне сәйкес іріктеледі.

Бұдан әрі ақпаратты жұмыс уақытында (сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін) төменде кңөрсетілген мекенжай бойынша алуға болады.

Мүдделілігін білдіру қараша 1, 2018 жылы Астананың уақыты бойынша сағат 16.00-ге дейін төмендегі мекенжай бойынша курьерлік поштамен, шабарманмен немесе электрондық пошта бойынша жеткізілуі тиіс.

«Пекин Палас» Бизнес Орталығы, Сығанақ к-сі, 27, 010000, Астана қ.

Назар аударыңыз: Сәрсен Қартбаев, сатып алу жөніндегі маман

Тел.: +7-7172-954694/ 954696

Эл.пошта: smec-piu@mail.ru