• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Нұрлыжол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын іскеасыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

«Нұрлыжол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын іскеасыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз хабарламасы

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 344 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітужәне «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы6 сәуірдегі № 1030 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12желтоқсандағы № 389 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына ықпалдастырылды (бұдан әрі- «Нұрлы жол» мембағдарламасы).

Жаңа ықпалдастырылған «Нұрлы жол» мембағдарламасы шеңберінде көлік саласында қызметтер көрсету деңгейін арттыруға бағытталған барлық ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталатын болады.

Сонымен қатар, «Нұрлы жол» мембағдарламасында электрондық құжаттандыру және авиация жүктерін декларациялау (E-freight) жүйесін енгізу, сондай-ақ жүктердің шекаралық және кедендік бақылаудан өтуі кезінде барлық көліктүрлерінде алдын ала ақпарат беру жұмыстарын жалғастыру көзделген.

Осыған байланысты, «Нұрлы жол» мембағдарламасы шеңберінде жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның халықаралық көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етуге бағытталған Іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жобаны қабылдау және оны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы Министрліктің веб-сайтында «Норма шығармашылық қызмет» бөлімінде орналастырылған.