• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Өңірлердің инфрақұрылымын дамытуға қатысты

Бағдарламаның негізгі мақсаты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің дамуы үшін елдің тиімді аумақтық ұйымдастыру, халықтың және капиталдың экономикалық өсім орталықтарында шоғырлануын ынталандыру арқылы жағдай туғызу болып табылады.

Бағдарлама мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:

1) Әрбір макроөңір үшін инвестициялық басымдықтарды анықтау;

2) Елдің аумақтық дамуын жетілдіру;

3) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту;

4) Халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен тиімді және үнемді қамту.

Бұл ретте «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» және «Халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен тиімді және үнемді қамту» міндеттерінің аясында тұтас алғанда республикамызда және өңірлердегі ТКШ инфрақұрылымын дамыту жөніндегі нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу көзделген.

Сонымен қатар Бағдарлама аясында электр-, газ-, сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту, сондай-ақ тұрғын үй қорын жаңғырту тетіктері қарастырылған.