• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік қызметтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды

2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Мемлекеттік қызметтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданды.

«Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы іс-әрекеттерді реттеуге және олардың сапасын орттыруға бағытталған.

Заң жобасы шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілерінің тиімді өзара қимыл жасауына, сондай-ақ, жалпы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған әртүрлі құралдарды енгізу көзделген.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары жобаларын жария талқылауды, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің стандарттары мен регламенттерін әзірлеудің, бекітудің айқын тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және электрондық нысанда көрсету тәртібін енгізу ұсынылады.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша мемлекеттің азаматтармен кері байланысын қамтамасыз ететін жеке тұлғалар мен үкіметтік емес ұйымдардың катысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг алғашқы рет енгізіледі.