• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

«Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің ағымдағы жылғы 13 мамырда № 37 бұйрығы бекітіліді (бұдан әрі – Бұйрық).

Бұл бұйрық, сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру, соның ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының жаңа әкімшілендіру және жарнама таратушымен жергілікті атқарушы органдарға хабарламаны жіберу рәсімі бойынша сұрақтар реттеу үшін 2019 жылғы 8 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңды жүзеге асыруға әзірленген.

Бұйрық бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі жағының алаңына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру төленген күнтізбелік ай ішінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағына бұрын енгізілген төлемді растайтын құжатты қоса бере отырып, хабарлама жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сыртқы (көрнекі) жарнама орналыстырған объектінің көрінісі әр-түрлі жаққа болу мүкіншілігін ескере отырып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай есептеледі.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші және кейінгі айлары үшін төлем мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру жағында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бейнелерді, бейнекөріністерді, жүгіретін жолдарды қоса алғанда, төленген ай ішінде орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай, салық кодексімен бекітілген базалық ай сайынғы мөлшерлемелерге сәйкес есептеледі.

Осылайша, Бұйрық сыртқы (көрнекі) жарнама санына қарамастан (онда жарнамалық бейнелердің саны да, айдағы өзгерістер саны да), сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағының орналасқан жері мен алаңына қарай ай сайынғы төлемді төлеудің объектісін анықтау үшін айқын анықталған белгілерді береді.

Сонымен бірге, үй-жайдың ішінде орналастырылатын бейнелер мен бейнекөріністер тауар өнімін және көрсетілетін қызметтердің түрлерін сипаттайтын сыртқы көзбен көру үшін сөрелер мен терезелердің ішкі безендірілуіне жатады.

Хабарлама сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын болжамды күнге дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі.

Хабарламаға:

1) сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырылатын кезең мен орын туралы ақпараты бар мәліметтер нысаны;

2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бірінші айы үшін төлемақының енгізілгенін растайтын құжат;

3) нобайларымен қоса жарнаманың қазақ және орыс тілдерінде еркін нысандағы сипаты қоса беріледі.

Көлiк құралдарында жарнама орналастыру сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмей және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы алынбай жүзеге асырылатынын қосымша хабарлаймыз.