• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөнінде комиссия құру туралы

1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулердің және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулердің тақырыбын қарау мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия қызметінің мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулерді жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:

1) елдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі мәніне республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және шетелдік ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізу жөніндегі ұсыныстарды қарау;

2) зерттеулер тақырыптарының қайталануына жол бермеу үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын зерттеулер мен шетелдік ұйымдармен бірлесіп жүргізілетін зерттеулердің тақырыптары бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

5. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Ішкі істер және Әділет министрлерінің орынбасарлары, ұлттық экономика, инвестициялар және даму, мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, қаржы, сыртқы істер, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, энергетика вице-министрлері, Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының басшысы мен Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры кіреді.