• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік шарттарын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарлық газды сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Топтық резервуарлық қондырғыларды пайдаланудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін ұсынуға арналған үлгілік шарт;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мұнай тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Тіреуіш гидротехникалық құрылыстардың көмегімен жер үсті ағындарын реттеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Кеменің теңіз портына, кейіннен порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге де мақсаттарда кіргені үшін теңіз портының (кеме кірісі) қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясын беру және/немесе тарату жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Магистральдық теміржол желісінің қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;

14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Суды магистральдық құбыржолдар және (немесе) арналар арқылы беру жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған үлгілік шарт;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдар қызметтерін көрсетуге арналған үлгілік шарт;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Электр энергиясын

өндірудің-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған үлгілік шарт бекітілсін.

2. «Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына),

сондай-ақ өзге ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) үлгі шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы

№ 266 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11254 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті  Қазақстан Республикасының заннамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.