• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы

Әріптестік туралы негіздемелік келісімге (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы  Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру, орнықты дамуына және жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әріптестік туралы негіздемелік (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы  Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру, орнықты дамуына және жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) келісімнің жобасы мақұлдансын.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Ерболатұлы Дәленовке Әріптестік туралы негіздемелік (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы  Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру, орнықты дамуына және жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулыр енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 

Орналастырылған: 09.07.2019
Жаңартылған: 09.08.2019