• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерлету жөніндегі жол картасын бекіту туралы

1. Қоса беріліп отырған Шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын ілгерлету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік секторы субъектілері және Жол картасының орындалуына жауапты ұйымдары:

1) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Жол картасының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                     

           А. Мамин