• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Шығыс Қазақстан облысындағы бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 105, 138,43-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірленді.

Аталған Үкіметтің қаулы жобасымен «Каражыра ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы ауданы 219,761 га жер учаскелерін «Қаражыра» көмір кен орнына қызмет көрсету үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында беру қарастырылған.

Үкіметтің қаулы жобасын әзірлеуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошановтың 2016 жылғы 22 қаңтардағы №  11-23/М-450-ЗТ//ЗТ-М-14533,1 тапсырмасы және «Каражыра ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін беру мүмкіндігі туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 26 қыркүйектегі № 227 және 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 230 қаулылары негіз болып табылады.

Жобаны қабылдау әлеуметтiк-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.