• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Т. Сүлейменовтың 2018 жылғы қаңтар-қарашадағы ӘЭД қорытындысы бойынша Үкімет отырысында сөйлейтін сөзі, 11.12.18

МАКРОЭКОНОМИКА

Жалпы ішкі өнімнің орнықты өсуі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр. Жоғары инвестициялық және тұтынушылық сұраныс, сондай-ақ экономиканың негізгі саласындағы өндірістік белсенділік экономикалық өсудің негізгі факторына айналды.

Инфляция деңгейі 5-7% аралығында сақталуда. Ағымдағы жылғы қарашада инфляция 0,9%, жыл басынан бері – 3,8%-ті құрады. Жылдық инфляция 4,6%-ті құрып отыр. Экономиканың өсуіндегі шешуші рөл негізгі капиталға салынған инвестицияға тиесіліАғымдағы жылғы 11 айда оның көлемі 18,3%-ке өсті. 1 қарашадағы жағдай бойынша елдің халықаралық резеві 85,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, Ұлттық қордың активі 0,1% өсуді көрсетіп, 56,5млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өсудің оң қарқынын сақтап отыр. Өңдеу өнеркәсібінің кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда озық өсу қарқыны есебінен өсу 4,5%-ті құрады.

Өңдеу өнеркәсібінің өсуі машина жасау, мұнайды қайта өңдеу, химия өнеркәсібі және металлургия өнімдерін өндіру есебінен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылғы шілдеден бастап байқалып отырған киім өндірісінің, дайын металл бұйымдарының және фармацевтиканың теріс динамикасынан өсу траекториясына шықты. Сонымен бірге бірқатар салаларда өндірісті төмендеді. Бұл құрылыс материалдары және сусын өндірісі. Кен өндіру өнеркәсібі 4,7%-ке өсті. Өсу қарқыны темір кенін, көмір және лигнитмұнай және табиғи газ  өндіруді ұлғайтумен негізделген.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығы жақсы қарқынды көрсетіп отыр. 11 айда өнім шығарылымы 2,9%-ке ұлғайды. Өсімнің негізгі салымын мал шаруашылығы қамтамасыз етті. Бұл саладағы өсу 3,9%-ті құрады.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс саласы тұрақты өсуді көрсетіп отыр. Өсу 3,9%-ті құрады. Бұл тұрғын үйлерді, өнеркәсіп нысандарын, сондай-ақ көлік жолдарын қайта құруға және Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуға негізделеді.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР

Өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы өндірістік белсенділікті кеңейту көлік саласына оң әсерін тигізді. 11 айда осы саладағы қызмет көрсету көлемі 4,6%  артты.

Сондай-ақ, төмен инфляцияның және халықтың табысының өсуі аясында сауда 7,6%-ке өсті.

Жалпы, қызмет көрсету саласы 4,0%-ке өсуді қамтамасыз етті және жалпы ішкі өнімнің өсуіне 2,3 проценттік тармақта үлес қосты.

ӨҢІРЛЕР

Жалпы алғанда экономикадағы оң өзгерістердің аясында, кейбір өңірлерде жағдай тұрақсыз болып қалуда.

Өнеркәсіпте артта қалған өңірлер қатарында Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облысы бар.

Бұл өңірлерде мұнай, газ конденсатын және уран кенін өндіру қысқарды.

Бұл ретте, өнеркәсіпте ең жоғары өсім Атырау облысындаАстана қаласындаШығыс Қазақстан және Қостанай облысында байқалып отыр.

Ауыл шаруашылығы бойынша Батыс Қазақстан облысынан басқа, барлық өңірде өсім байқалады. Бұл өңірдегі төмендеу астық өнімдерін жинаудың азаюымен байланысты. Құрылыс бойынша теріс аймақта 4 өңір қалып отыр. Жалпы алғанда негізгі капиталға инвестициялардың өсуіне қарамастан, артта қалған өңірлердің саны 1-ден 4-ке дейін өсті. Бұл Павлодар, Алматы облысыАстана қаласы  және Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл аймақтардағы төмендеу өткен жылы жоғары базамен байланысты.

ЭКСПОРТ ЖӘНЕ ИМПОРТ

Сыртқы нарықтағы жағымсыз құбылмалылыққа қарамастан сыртқы сауда айналымы тұрақты өсу үрдісін сақтап отыр. 9 айда өсу 21,6%-ті құрады.

Экспорт 28,2%-ке өсті. Бұл мұнайды 45,4%агроөнеркәсіп кешені өнімдерін - 30,1%, мұнай газдарын - 30,2%, алюминийді - 24,0% және мыс кендерін - 12,5%жеткізудің артуына байланысты. Импорт 10,8% өсті. Ол көбінесе импортталатын машина мен жабдықтар есебінен өсті. Олардың өсуі 20,4% құрады. Сондай-ақ, қара металл және фармацевтика өнімдерінің импорты тиісінше 15,8% және 13,6%-ке өсті.

ЭКОНОМИКАНЫ КРЕДИТТЕУ

Экономиканы кредиттеу төмендеу үрдісін сақтап отыр. 1 қарашадағы жағдай бойынша кредиттеу 2,6% төмендеді және 12,8 трлн. теңгені құрады. Бұл бизнес кредиттерінің 11,4% қысқаруымен байланысты. Бұл ретте тұтынушылық кредиттер 15,4% өсуде.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың басынан бастап 468,6  мың адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылғы қазанда жұмыссыздық деңгейі 4,8% дейін төмендеді. Жалақы қарқынды өсіп келеді. Осы жылғы қаңтар-қазанда орташа айлық жалақы 159,5 мың теңгеге дейін ұлғайды. Нақтыкөріністе 2,2% өсті. Өңірлік бөліністе халықтың нақты ақшалай табысы жөнінде осы жылдың қорытындылары бойынша ақпарат шыққаннан кейін баяндалатын болады. Желтоқсан айы жалпы ішкі өнімді қалыптастырудың айлық құрылымында айтарлықтай үлес алатындығын ескере отырып, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар инвестициялық жобалардың қызмет етуін және нәтижелерін сапалы құжаттауды қамтамасыз етуі қажет. Бұл әсірісе мемлекеттік сатып алулар және құрылыс салаларына қатысты. Сонымен қатар, алдағы мерекелерге байланысты тұтынушылық сұраныс артады. Сол себепті сауда саласының өсуі күтіледі, бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің өсуіне қосымша жағымды әсер ететін болады.