• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру ережесі бекіту туралы

2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру ережесі бекіту туралы ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі                                                      Р. Дәленов