• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баспасөз релизі

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баспасөз релизі

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (жаңа редакциясы) (бұдан әрі – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 905 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарын орындау үшін әзірленді.  

Заң жобасы әзірлеу, оның ішінде нарық субъектілерінің, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылған мынадай тұжырымдамалық міндеттерді шешуге бағытталған:

1. олардың қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында үздік халықаралық тәжірибеге сай табиғи монополиялар және реттелетін нарық субъектілерінің (бұдан әрі - субъектілер) қызметін реттеудің ынталандыру әдістерін кезең-кезеңмен енгізу;

2. табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы әкімшілік кедергілерді қысқарту;

3. табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда реттеуді енгізу немесе тоқтату тетіктерін енгізу.

Аталған заң жобасы табиғи монополия субъектілермен және қоғамдық бірлестіктерімен келісілді.

Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын қажет етілмейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.