• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 217 қаулысымен, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларының 5-тармағына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына өзгерістер енгізіледі. Көрсетілген өзгерістер мерзімдерді, құжаттар тізбесін қысқартуды және мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі бизнес-процессті оңтайландыруды көздейді.

Бұйрық республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.