• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Халықтың статистикалық ақпаратқа сұранысын қанағаттандыру үшін Комитет «Талдау» АТЖ деректерін жариялайды. 

Жүйе халыққа, мемлекеттік органдарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға статистикалық көрсеткіштер бойынша барлық маңызды статистикалық ақпараттарды қолайлы интерактивтік режимде беру мақсатында жүзеге асырылған.

«Талдау» АТЖ мүмкіндіктері мен артықшылықтары:

  • Деректерді түрлі кесе, графикалық және картографиялық түрлерде және қималарда беру;
  • Берілген талап бойынша деректерді көзбен шолу;
  • Деректерге статистикалық талдау жүргізу үшін құралдарды ұсыну (деректерді өңірлер мен саралау тұрғысында салыстыру, динамикалық қатар мен корреляциялық талдауды құру);
  • Таңдалған деректерді немесе талдау нәтижелерін қолжетімді көпшілік таныған деректер форматында түсіру (excel, pdf форматтарында);
  • Негізгі сөз және саралау элементінің атауы бойынша іздеу.

«Талдау» АТЖ мынадай модульдерден тұрады:

«Жеке кабинет» - әрбір қолданушының өзінің «Жеке кабинетін» ашу мүмкіндігі бар, ол арқылы өз кестесін, графикасын, диаграммасын құра алады және жеке парағында сақтай алады.

«Көрсеткіштерді іздеу» - көрсеткіштерді негізгі сөз бойынша жедел іздеуді және саралау элементінің атауы бойынша жедел іздеуді қамтиды.

«Талдау» - пайдаланушылардың қажетті көрсеткіштер бойынша өзінің жеке салыстырмалы талдау жүргізуіне, сондай-ақ жүйенің өзіне салынған талдаулардың түрін пайдалануына мүмкіндік береді.

«Статистика бөлімдері» - статистиканың таңдалған саласы туралы ақпараттан тұрады.

«Құрылымдаушы» - пайдаланушыларға АТЖ-ға жүктелген статистикалық көрсеткіштер бойынша жеке диаграммаларды құруына мүмкіндік береді.

«Өңірлер» - ҚР әрбір 16 өңірі бойынша негізгі статистикалық көрсеткіштер бойынша толық статистикалық ақпараттардан тұрады.

«Талдау» АТЖ-ның 3000-нан астам статистикалық көрсеткіштері бар, олар тұрақты негізде жандандырылады: 2000 жылдан бастап жылдық мерзімділікте және 2011 жылдан бастап айлық және тоқсандық мерзімділікте, ол бірқатар жылдардың динамикасында көрініс табады.

«Талдау» АТЖ барлық статистикалық көрсеткіштерін "ҚР ҰЭМ Статистика комитеті" сайтына сілтеме арқылы өтіп, көре аласыздар.