• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тарифтерді қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2. Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбек он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.  

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

    

                                                      Р. Дәленов

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрлігі

 

Орналастырылған: 13.05.2019
Жаңартылған: 09.08.2019