2019 жылғы 4 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған және 2019 жылдың 15 қаңтарында күшіне енген «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 27 желтоқсанда қол қойды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ережесінің 114-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган - әзірлеуші (немесе оның құзыреті бойынша) заңнамалық акті күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде заңға тәуелді актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді.
Осылайша, Заңның 8-бабының 5) тармақшасына сәйкес тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы құзыреті көзделген.
Осы бұйрықтың жобасын бекіту республикалық бюджеттен қаржы шығындарын білдірмейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді.
Бұйрық жобасы 2019 жылғы «17» сәуірде «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2336773.