• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҰЭМ Ішкі әкімшілендіру департаменті 2018 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылғы 5 желтоқсанда «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электрондық алаңындағы экономикалық терминдердің қолданылу жолдары» тақырыбында семинар өткізді

Семинардың мақсаты – Министрліктің қызметкерлеріне жаңадан бекітілген экономикалық терминдердің қолданылуын түсіндіру, сондай-ақ аудармада қиындық тудыратын күрделі терминдер мен сөз тіркестерін дұрыс анықтау жолдарын көрсету болып табылады. Семинарға құрылымдық бөлімшелердің құжаттарды мемлекеттік тілге аударумен айналысатын қызметкерлері қатысты. Семинар барысында салалық терминологияның мәселелері қаралды. Мемлекеттік тілді үйрету процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында іске қосылған «Termincom.kz» электрондық сайты таныстырылды, аудармада жиі қолданылатын сөздер мен жалғаулардың жалғануы түсіндірілді. Қолданылып жүрген терминдердің салыстырмалы кестесі таныстырылды. Семинардың қорытындысы бойынша сауалнама өткізілді. Сауалнама нәтижесі: семинар ұнады – 83%; мені қызықтырған жоқ – 0%; форматын өзгерткен дұрыс болар еді – 16%; барлығы өте қызықты – 45%; көптеген пайдалы ақпарат алдым –  45%.