• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҰЭМ Р. Дәленовтің «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 - 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» ҚР Үкіметінің отырысында және РБК-да сөйлейтін сөзі

Қарауға екі Заң жобалары енгізіледі: «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы».

Бірінші. 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес ағымдағы жылы 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер туралы заңның қолданысы аяқталуына байланысты әзірленді.

Жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге және өңірлік экономиканы дамытуға жергілікті атқарушы органдардың ынтасын арттыруға бағытталған.

Трансферттердің көлемі Әдістемеге сәйкес есептелді.

2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді есептеудің мынадай ерекшеліктері бар.

Бірінші. Жергілікті атқарушы органдарды шағын және орта бизнесті дамытуға ынталандыру.

Ол үшін шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығын 2020 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге беру қарастырылды.

Екінші. Өңірлердің ерекшеліктерін ескеру.

Ол үшін жаңа коэффиценттер енгізілді.

Бұл мектептер шағын жинақтылығы, ауыл шаруашылығының әлеуетті өнімдерінің көлемі, аумақ ауданы, тұрғын үй саны, өңірдің жалпы өңірлік өнімінде шағын және орта бизнестің үлесі.

Үшінші. Жергілікті кірістердің өсу әлеуеті.

Даму бюджетіне екі жаңа компонент енгізілді.

Жергілікті бюджеттердің кірістері өскен жағдайда, даму бюджеті ұлғаяды.

Үшжылдық кезеңде жалпы өңірлік өнімнің өсуі жылдамдаған жағдайда субвенциялы өңірлер қосымша коэффициент алады.

Бұрын нысаналы трансферттермен қаржыландырылған шығыстар жалпы сипаттағы трансферттерге берілді. Бұл 2020 жылы 635,8 млрд. теңге, 2021 жылы – 775,9 млрд. теңге, 2022 жылы – 909,7 млрд. теңге.

Жергілікті бюджеттердің жалпы шығыстарының көлемі 2020 жылы – 4,8 трлн. теңге, 2021 жылы – 5,1  трлн. теңге, 2022 жылы – 5,4 трлн. теңге көлемінде айқындалды.

Жергілікті бюджеттердің кірістер мен шығыстар болжамын ескере отырып жалпы сипаттағы трансферттер мынадай көлемде айқындалды:

бюджеттік алып қоюлар: 

 2020 жылы – 441 млрд. теңге;

 2021 жылы – 463 млрд. теңге;

 2022 жылы – 494 млрд. теңге;

бюджеттік субвенциялар:

 2020 жылы – 2  трлн. 174 млрд. теңге;

 2021 жылы – 2 трлн. 280 млрд. теңге;

 2022 жылы – 2 трлн. 381 млрд. теңге.

Осылайша, 2020-2022 жылдарға он үш субвенциялы және төрт донор-өңірлер анықталды, ал жергілікті бюджеттердің жалпы түсімдерінде трансферттердің үлесі 2019 жылы 60,3%-тен 2020 жылы 53,6%-ке дейін және 2022 жылы 49,3%-ке  дейін азаяды.

Екінші. Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арнал ған кепілдендірілген трансферт туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес әзірленді.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті 2020 – 2021 жылдары 2 трлн. 700 млрд. теңге мөлшерінде 2022 жылы 2 трлн. 600 млрд.теңгеге дейін төмендетумен айқындау ұсынылады.

Кепілдендірілген трансферттің бұл мөлшері төмендетілмейтін қалдығы бойынша шектеуді орындалады.