• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Үкіметтің 2019 жылғы қаңтар-тамыздағы ҚР ӘЭД қорытындылары туралы отырысына баяндама

Ағымдағы жылғы тамызда ел экономикасы орнықты серпінді сақтады. 8 айда Жалпы Ішкі Өнімнің өсуі 4,3% дейін жеделдеді.

Standard and Poors, Fitch және Moody's халықаралық рейтингтік агенттіктері Еліміздің кредиттік рейтингін инвестициялық тартымдылық деңгейінде растады. Бұл ретте Moody's болжамды тұрақтыдан позитивтіге жақсартты.

Өсудің басты факторлары инвестициялық белсенділік және нақты сектордағы өндірістің ұлгаюы болып табылады.

Инвестициялардың өсімі 10,7% құрады. Ең жоғары инвестициялық өсім ауыл шаруашылығында, құрылыста, саудада және өнеркәсіпте байқалды.

Жылдық инфляция нысаналы дәліз шегінде сақталып, 5,5% құрады.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өндірісі ағымдағы жылғы 8 айда 3,2%  дейін жылдамдады. Өсу қарқындары бойынша өңдеу өнеркәсібі кен өндіру өнеркәсібінен озық.

Өңдеу өнеркәсібінде машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте, сусындар өндіруде, фармацевтикада екі мәнді ұлғаю байқалды.

Кен өндіру өнеркәсібінде өсу қарқыны 3,1% дейін үдеді. Негізінен металл кенін  және мұнай өндіруді ұлғайту есебінен.

Көмір өндіру бойынша жағдай айтарлықтай жағымды емес. Осы жылғы қаңтар-тамызда өндіріс көлемінің қысқаруы жалғасты. Төмендеу 3,0% құрады.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 11,8% өсті.

Өнеркәсіп объектілерін, автомобиль жолдарын, газ құбырларын салу бойынша жұмыс ұлғайды. Сондай-ақ ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары ұлғайды.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі 3,6% ұлғайды. Өсімдік шаруашылығы 3,9%, мал шаруашылығы 3,5% ұлғайды.

Ағымдағы жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша дәнді дақылдар себу алаңдарының 29,8% жиналды. Өнімділік гектарына 11,5 центнерді құрады.

КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР САЛАСЫ

Экономиканың нақты секторындағы іскерлік белсенділік қызмет көрсету саласының өсуімен сүйемелденді. Есепті кезеңде өсім 4,3% құрады. Оның негізгі сегменттерінде динамиканың үдеуі байқалады.

Саудада ең үлкен өсу байқалады. Оның көлемі 8 айда көтерме сауданың есебінен 7,6%  өсті.

Көлік қызметтері 5,5% өсті. Өсуге негізгі салымды әуе және автомобиль көлігінің жүк айналымы қосты.

СЫРТҚЫ САУДА

Ағымдағы жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда айналымы 1,7% 53,8 млрд. долларға дейін ұлғайды. Экспорт көлемі 32,9 млрд. долларды құрады. Импорт 20,9 млрд. долларды құрады.

ӨҢІРЛЕР

Негізгі көрсеткіштер бойынша өсімнің оң серпіні көптеген өңірлерде байқалады.

Сонымен бірге, өнеркәсіп бойынша Қызылорда, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары теріс аймақта қалуын жалғастыруда.

Аталған өңірлерде мұнай және газконденсатын өндіру қысқарған.

Ауыл шаруашылығы бойынша Қостанай облысын қоспағанда барлық өңірлерде өсу қамтамасыз етілді. Қостанай облысы дәнді дақылдарды жинаудың төмендеуінен теріс аймаққа өтті. Ең жоғары өсуді Ақмола облысы көрсетіп отыр.

Құрылыс бойынша артта қалушылардың қатарында 4 өңір бар. Бұл  Шымкент қаласы, Маңғыстау облысы және Нұр-Сұлтан қаласы. Бұдан басқа, тұрғын үйлер құрылысының және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның төмендеуі салдарынан Ақтөбе облысы теріс аймаққа өтті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеуі әлі де Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында сақталып отыр.

Бірқатар өңірлер бірнеше көрсеткіш бойынша жақсы серпін көрсетуде. Бұл өнеркәсіп, өңдеу, кен өндіру, ауыл шаруашылығы, құрылыс, тұрғын үйлерді пайдалануға беру және инвестициялар.

Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында – 5 көрсеткіш, Атырау, Қызылорда, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 3 көрсеткіш жоғары өсуді көрсетуде.

Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары бойынша бірнеше көрсеткіш бойынша төмендеу байқалады.

Маңғыстау облысы бойынша – құрылыс, инвестициялар, тұрғын үйлерді пайдалануға беру, өнеркәсіп.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – тұрғын үйлерді пайдалануға беру, инвестициялар, құрылыс.

Шымкент қаласы бойынша – инвестициялар, кен өндіру өнеркәсібі және құрылыс.

Жалпы ағымдағы жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша бірқатар көрсеткіш бойынша орнықты серпін сақталуда. Дегенмен, төрт өңір бойынша меморандумдарда бекітілген жалпы өңірлік өнімнің нысаналы өсуіне қол жеткізбеу қаупі бар. Бұл бағалау қысқа мерзімді экономикалық индикаторлардың динамикасы негізінде жасалды.

Бұл Маңғыстау, Батыс Казақстан, Алматы және Жамбыл областары.

Жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуін сақтау үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мынадай аспектілерге баса назар аударуы қажет:

Бірінші, негізгі капиталға салынған жаңа инвестицияларды тартуға нақты шаралар қабылдау. Өйткені инвестициялар экономиканың орнықты өсуі үшін негізгі шарт болып табылады;

Екінші, экономика салаларында қол жеткізілген қарқындарды төмендетпеу;

Үшінші, жалпы өңірлік өнімнің өсуін меморандумдарда бекітілген деңгейден төмен емес мәнде қамтамасыз ету;

Төртінші, өңірлерге астық жинауды уақытылы қамтамассыз ету;

Бесінші, тұтынушылар тауарларына, әсіресе күзгі-қысқы кезеңде жеміс-көкөністердің бағасына мониторингті күшейту.