• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық экономика министрі Р.Дәленовтің 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау бойынша сөйлейтін сөзі

2019 жылға арналған республикалық бюджетінің нақтылау шенберінде Елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі көрсеткіштерін сақтау ұсынылады.

Бұл жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8% (үш те сегіз процент),  мұнай өндіру 89 (сексен тоғыз) млн. тонна.

Әлемдік мұнайдын бағалары жоғары құбылмалылығын көрсетеді. Осыны ескере отырып мұнайдың болжамды бағасы барреліне 55 (елу бес) АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі 4,0-6,0% шегінде сақталған.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы параметрлерінің сақталу келесі факторлар:

- сыртқы нарықтар бойынша болжамның сақталуы;

- тоғыз айдағы нақты көрсеткіштер динамикасы;

- ағымдағы жылғы наурыз айындағы түзету.

Республикалық бюджет кірістерін 95 (тоқсан бес) млрд. теңгеге арттыру ұсынылады. Олар:

- салықтық түсімдер 12,0 (он екі) млрд. теңгеге;

- салықтық емес түсімдер 83,0 (сексен үш) млрд. теңгеге.

Салықтық емес түсімдер 83,0 (сексен үш) млрд. теңгеге келесілер есебінен:

девиденттер 50 (елу) млрд. теңгеге өседі және 66 (алпыс алты) млрд. теңге болады;

33 (отыз үш) млрд. теңгеге нақты түсімдер.

Жалпы, республикалық бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 2019 жылы 7 (жеті) трлн. 81 (сексен бір) млрд.теңгені құрайды.

Түсімдер түрлері бойынша кірістердің құрылымы өзгермейді.

Ең үлкен үлесті қосылған құн салығы (2,8 екі де сегіз трлн. теңге), корпоративтік табыс салығы (2,0 екі трлн. теңге), халықаралық саудаға салынатын салықтар (1,5 бір де бес трлн. теңге) алады.

Республикалық бюджеттің тапшылығы бұрын бекітілген 1 (бір) трлн. 365 (үш жүз алпыс бес) млрд. теңге деңгейінде сақталған. Жалпы ішкі өнімге қатысты бұл 2,1% (екі де бір) процентті құрайды.

Мұнай емес тапшылық, яғни мұнай кірістерді қоспағанда,  жалпы ішкі өнімге қатысты 8,5% (сегіз де бес) процент немесе 5,5 (бес те бес) трлн. теңгені құрайды.

Мұнай емес тапшылықтың параметрлері бекітілген фискалдық ережелерге сәйкес келеді.

Республикалық бюджеттің параметрлері нақтылауды ескере отырып мынадай болады.

Түсімдердің жалпы көлемі 95 (тоқсан бес) млрд. теңгеге өседі және 10,7 (он да жеті) трлн. теңгені құрайды.

Трансферттердің түсімдері, оның ішінде Ұлттық қордан трансферттер өспейді.

Шығыстар 95 (тоқсан бес) млрд. теңгеге артады, бұл кірістердің өсуімен сәйкес келеді.

Республикалық бюджеттің шығыстар көлемі 12 (он екі) трлн. теңгеден асады.

Осылайша, түсімдер 10,7 (он да жеті) трлн. теңгені, шығыстар 2 (екі) трлн. теңгені, тапшылық 1,4 (бір де төрт) трлн.теңгені құрайды.