• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық экономика министрі Р.Е. Дәленовтің ҚР ӘЭДБ-ны нақтылау бойынша баяндамасы

2019 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамының нақтылауы туралы

 

2019 жылға арналған негізгі макрокөрсеткіштердің болжамын нақтылаудың негізгі факторлары 2018 жылға Жалпы ішкі өнім дерегінің жариялануы, тау-кен өнеркәсібі мен қызмет көрсету секторының өсу қарқынының өзгерісі болып табылады.

Мәселен, 2018 жылы Жалпы ішкі өнім көлемі 58,8 трлн. теңгені құрады. Бұл 2019 жылды бағалау үшін жақсы база болып табылады.

2018 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру 1,4 млн. тоннаға немесе 1,5%-ке төмендейді. Бұл тау-кен өнеркәсібінің төменірек өсу қарқынын қалыптастырады.

Алайда қызмет көрсету секторы бойынша неғұрлым жоғары өсім күтіліп отыр. Қызмет көрсету секторы өсімінің негізі ішкі сұраныстың ұлғаюы болып табылады.

Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, Болжам шеңберінде 2019 жылға арналған базалық параметрлер бұрын мақұлданған деңгейде сақталды:

– мұнай бағасы – бір барреліне 55 АҚШ доллары;

– теңге бағамы – бір АҚШ доллары үшін 370 теңге;

– жылдық инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6%;

Сондай-ақ ауыл шаруашылығының, құрылыстың, сауданың, көлік және қоймалаудың өсу болжамы сақталды.

Өнеркәсіп өсімі 1,6%-ті құрайды. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібі тау-кен өнеркәсібіне қарағанда көбірек өседі.

Экспорт 54,4 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 0,3 млрд. АҚШ өсті. Импорт көлемі 32,9 млрд. АҚШ доллары деңгейінде сақталды.

Дамудың жоғарыда аталған факторларын ескере отырып, 2019 жылға Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 3,8% деңгейінде бағаланып отыр.

2019 жылға номиналды жалпы ішкі өнім 64,3 тлрн. теңге көлемінде болжануда, бұл бұрынғы бағалаудан 323,5 млрд. теңгеге артық. Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім

9 409 АҚШ долларын құрайды.

Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2019 жылға арналған бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды.

Республикалық бюджеттің кірістері 2019 жылы 7,0 трлн теңге көлемінде бағаланады. Бұл бекітілген жоспардан 200,4 млрд. теңгеге жоғары.

Негізгі өсім қосылған құн салығы бойынша , шикі мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж бойынша, сондай-ақ салықтық емес түсімдер бойынша күтілуде.

Жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін келесі өзгерістер ұсынылады:

– Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертті 250 млрд. теңгеге ұлғайтып, 2 700 млрд. теңгеге дейін жеткізу;

– тапшылықты Жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5%-тен 2,1%-ке дейін ұлғайту.

Осыны ескере отырып, Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңына өзгеріс енгізу туралы» Заң жобасы енгізіліп отыр.

Сондай-ақ Тікелей инвестициялар қорын құру үшін Ұлттық қордан 370 млрд. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт қарастырылған.

Бұл ретте, түсімдер мен пайдалануды ескергенде Ұлттық қордың таза түсімдері оң нәтижеде болады.

Мұнай емес тапшылықтың деңгейі 2019 жылы Жалпы ішкі өнімнің 8,4%-нен аспайды.

Республикалық бюджеттің шығыстары бекітілген көлемге қарағанда 1,2 трлн. теңгеге ұлғая отырып, 11,9 трлн. теңге көлемінде болжанады.